 | Кішкентай кезімізден баршамызға таныс Зебра тәтті бәліші. Арасын кескенде ала ала болғандықтан зебра атанып кеткен. Осы рецептпен құрбым 3 жыл бұрын бөліскен еді. Содан бері, мен де, анам да тек осы рецепт бойынша пісіреміз. |
Бұл бәлішке қолдын қаймағын алған жақсы. Ол болмаса дүкеннің майлылығы ең жоғарғысын алыңыз.
Пісіріп жатқан бисквитіңіз отырып қалмас үшін келесі ережелерді сақтансаңыз болғаны:
- Қамырыңызды араластырмаз бұрын, пешті қыздырып және қалыпты дайындап (майлап, ұн сеуіп немесе пергамент қағазын төсеп) қою керек;
- Қамыр қопсытқышты ұнмен бірге ең осоңында қосу.
- Қамыр қопсытқыш салынған кейін бірден көпіршу, көтерілу реакциясы басталады. Сол себепті бірден қызып тұрған пешке салу керек. Сол үшін де 1 ережені ұмытпау керек.
- Бисквиттің піскенін шимен тексеруге болады, ши құрғақ шықса бисквит пісті деген сөз.
- Піскен бисквитті пештен шығаруға және пештің есігін қатты ашуға асықпаңыз. Есігін сәл ғана ашып 10-15 минут күтіңіз. Сосын форманы алып шығып тағы 10-15 минуттай тұрсын. Содан кейін ғана формадан алып шығуға болады.
Құрамы:
- Жұмыртқа - 5 дана,
- Қант - 1 стақан,
- Қаймақ - 1 стақан,
- Сары май - 100 гр.,
- Қопсытқыш - 1 пакетик,
- Ас содасы - 1/3 шай қасық,
- Ұн - 1,5 стақан (250 гр),
- Какао - 2 ас қасық.
Жасалу жолы:
- Пешті 180°С-та қыздырып, қалыпты майлап, үстіне ұн сеуіп дайындап қоямыз. Ол туралы толығырақ Қысқа-нұсқа кеңестер бөлімінен оқи аласыздар.
- Қант пен жұмыртқаны жақсылап көпіртеміз. Қанты еру керек.
- Қаймақ және ерітілген сары майды араластырамыз.
- Ұн+қопсытқыш+сода барлығын елеп, біртіндеп саламыз.
- Қамырды екі бөлікке бөлеміз.
- Бөлек кесеге 3-4 ас қасық қайнап тұрған суға каконы еземізде, бір бөлігіне араластырамыз.
- Формаға 1-2 ас қасықтан кезектеп екі ыдыстағы қамырдың барлығын құйып шығыңыз.
- 40-45 минуттай пісіріңіз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий