|
Палаудың құрамы:
- Ет - 700-800 гр.,
- Пияз - 2 дана,
- Сәбіз - 2 дана,
- Сарымсақ - 1 бас,
- Ноқат - жарты кесе (құрғақ күйіндегі мөлшері),
- Күріш - 1 кесе,
- Өсімдік майы - 100 гр.,
- Дәмдеуіштерден - зира, барбарис, куркума.
|
| Қазанға майды құйып, қыздырамыз. Қатты қызған кезде етті саламыз. |
 | Еттің сәл қуырылып, сөлі шыға бастағанда ноқатты саламыз, үстіне 1 кесе су құямыз. |
| Суы азайып, қайта қуырыла бастағанда туралған пияз бен сәбізді саламыз. Сәбіз бен пияз сөлін бөліп, жұмсарғанша қуырамыз. Дәмдеуіштерді саламыз. |
| Сарымсақтың сыртқы жұқа қабығын аршып, жуамыз.
Күрішті саламыз. Бір кесе күрішке 1,5 кесе қайнаған су құямыз.
Үстіне сарымсақты қоямыз.
Отты қатты қойып, қақпағын жауып қоямыз. Жоғарыда көрсетілген кеңестер бойынша отын кезеңімен азайтып, отырып пісіреміз. |
Комментариев нет:
Отправить комментарий