Көбіне дүкенде сатылатын печеньелердің құрамын біле бермейміз және ондағы ингредиенттер тек қана табиғи екендігіне ешкім кепіл бере алмайды. Сол себепті қолдан өзіңіз жасаған печеньеге жетері жоқ. Оған қоса балаларыңызбен бірге жасауыңызға болады, қамырмен ойнағанды жақсы көрмейтін бала жоқ шығар;) |
Құрамы:
- Сары май - 200 гр.,
- Қант - 0,5 стақан,
- Жұмыртқа - 2 дана,
- Сүт - 3-4 ас қасық,
- Ұн - 2,5- стақан,
- Қамыр қопсытқыш - 1 ш.қ.,
- Тұз - 1 шымшым.
Жасалу жолы:
Сары майды қантпен жəне бір шымшым тұзбен миксермен 3-5 минут араластырамыз. 2 жұмыртқа жəне 3-4 ас қасық сүт қосып, біркелкі болғанша араластырамыз. 2,5 стақан ұнды қопсытқыш, ванилинмен елейміз. Араластырып жатқан массаға ұнды біртіндеп саламыз. Жұмсақ қамыр болу керек. Ұны аздау болса тағы қосасыз. Қамырды жарты сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Пешті 180 градуста қыздырамыз. Қамырды шұжық пішініндей есіп, жарты см тілімдерге кесеміз. Əр тілімнің үстін шанышқымен басамыз. Арнайы печенье кескішіңіз болса, сонымен істей бересіз. Қызып тұрған пеште қызарғанша 12-15 мин пісіреміз. Қалауыңызға қарай какао қосып шоколадты печенье немесе лимон цедрсын, даршын (корица), кепкен ұсақталған зімбір(имбирь), т.б. қосып сүйікті печеньеңізді жасап алуға болады.Ас болсын!
Оқи отырыңыз:
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент | |
Кәдіден дәмтатым | |
Қозықұйрықтан жасалған кілегейлі сорпа |
Миксер жок болса, венчикпен араластырса болама?
ОтветитьУдалитьИә, әрине)
Удалить