среда, 18 февраля 2015 г.

Пайдалы тәтті тіске басар


Үнемі сөмкеңізде осындай тәттілер жатса, тамақ ішуге уақыт таппаған кезде фаст-фудқа жүгірудің немесе сникерс сатып алудың еш қажеті жоқ, өйткені оның зияны туралы айтпаса да белгілі. Құнарлы және өте пайдалы тіске басарды қалай жазап үйренгіңіз келсе, рецептпен танысыңыз)

Алдыңғы рецепттерде Гранола дайындаған болатынбыз. Сол тағамға ұқсайды, тек бал мен қанттың орнына өрік-мейізді ет тартқыштан өткізіп саламыз. Гранола құрғақ таңғы асқа ұқсас келеді, ал осы тіске басарды кәмпит немесе батончик деуге де болады.
Мен осындай батончиктердің тек бір нұсқасын ұсындым, ал сіз кез-келген жаңғақ түрінен өзгертіп жасай бере аласыз. 

Құрамы:


  • Грек жаңғағы - 1 стақан, 
  • Арахис (жер жаңғағы) - 1 стақан,
  • Сұлы үлпектері (геркулес) - 1 стақан,
  • Өрік, мейіз, қара өрік (немесе құрма) - 1,5 стақан.

Жасалу жолы:

  1. Жаңғақтарды құрғақ табада қуырып алуға болады. Дәмі, иісі керемет болып шығады. Жаңғақтардын кейін сол табада, құрғақ күйінде сұлы үлпектерін қуырамыз. Орташа отта үнемі араластырып отыруды ұмытпаңыз. Күйіп кетуі мүмкін. Немесе табада қуырғыңыз келмесе, жаңғақтар мен геркулесті 160°С-та қызып тұрған пеште 25-30 минуттай пісіріп алуға болады, тек арасында 1-2 араластыруды ұмытпаңыз.
  2. Жаңғақ пен геркулес дайын болғаннан кейін, сәл қолмен үгітіп жібереміз. Оқтаумен немесе блендермен тым ұсақтаудың қажеті жоқ. 
  3. Өрік-мейізді ет тартқыштан өткіземіз.
  4. Жаңғақтармен араластырып формаға тегістеп саламыз да, үстінен жақсылап басамыз. Арасында бос орын қалмау керек. Түбі жалпақ стаканмен басқа өте ыңғайлы.
  5. Тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қоямыз. Суығаннан кейін формадан тақтайға төкеріп, төртбұрыштап кесеміз. Пішіні қалауыңызға қарай. 

Формаға салынған түрі




Өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы болу үшін ас пленкасына немесе пергамент қағазына орауға болады. Тіпті үйде шай ішсеңіз де керемет. Осындай дайын батончиктерді еріген шоколадқа малып, қатырсаңыз да жақсы.



Ас болсын!



Оқи отырыңыз:

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Алмұртты тарт
Песто тұздығы

Комментариев нет:

Отправить комментарий