пятница, 13 февраля 2015 г.

Смузи - пайдалы сусын


Смузи - жемістер және көкністерден жасалған пайдалы сусын. Пайдалы, бірақ балаларыңыз жемейтін көкөністерді жақсы көретін жемістермен араластырып жіберсеңіз, тамсанып тұрып ішіп алады.
Сізге бар керегі жемістер және блендер, қалғаны тек өз қиялаңызға байланысты.
Үйдегі бар жемістерді араластырып смузидің кез-келген түрін жасай беруге болады. Соңғы кездері ұнап жүргені дәл осы түрі.


Құрамы: 


  • Пеште піскен қызылша мен асқабақ - 100 грамнан,
  • Алма - 1 дана, 
  • Алмұрт - 1 дана,
  • Банан - 1 дана,
  • Кепкен қара өрік (чернослив) - 5-6 дана,
  • 2 стақан су.


Барлығын блендермен араластырамыз.

Мен қызылша мен асқабақты алдын ала духовкаға пісіріп алып, бөліктерге бөліп қатырып қоямын. Керегінше алып, осындай пайдалы сусын жасай беремін. 
Кішірек қызылша болса, сол күйінде, үлкен қызылша болса, 2-3 бөлікке бөліп, фольгаға орап 170 градуста 1.5 сағаттай пісіреміз. Асқабақты да дəл солай. 

Шикі асқабақпен де тура осылай жасауға болады.

Ас болсын!



Оқи отырыңыз:

Тартар тұздығымен ұсынылған балық
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Пеште піскен теңіз ирекшелері

Комментариев нет:

Отправить комментарий