Франжипаны (бадамды крем) бар өте дәмді, ашық бәліш түрі - тарт. Тарт туралы Құлпынайлы тарт постында жазған болатынмын. Бұл тарттың жасалу барысы екі сатыдан тұрады. Біріншісі, үгілмелі қамыр жасап, пісіріп аламыз. Екіншісі, салмасын пісіреміз. Мынандай әдемі тарттың түрінің өзі және аңқыған иісі ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. |
Салмасына кез-келген жеміс салуға болады. Франжипан - бадам ұнынан жасалған крем. Бірақ өзге кремдерге қарағанда, франжипан салмасымен бірге піседі. Бадам ұнын таба алмасаңыз, кәдімгі бадамды блендермен майдалап жіберіңіз.
Мендегі форманың диаметрі 24 см.
Тарттың құрамы:
Қамырына:
- Ұн - 1,5 стақан,
- Сары май - 120 гр.,
- Жұмыртқаның сарысы - 2 дана,
- Мұздай су - 2-3 ас қасық,
- Тұз - 1/4 шай қасық.
Франжипанға:
- Жұмыртқаның ағы - 2 дана (қамырдан қалған),
- Жұмыртқа - 1 дана,
- Қоңыр немесе ақ қант - 1/3 стақан,
- Сары май - 80 гр.,
- Бадам ұны - 150 гр.,
- Ванилин.
Салмасы:
- Алмұрт -2-3 дана.
Тарттың жасалуы:
Ұнға тұзды қосамыз. Жұмсарып тұрған сары майды ұнмен ылғалды біркелкі ұнтақ болғанша қолмен араластырамыз. | |
Ұнды ұнтаққа жұмыртқаның сарысын және суық суды қосамыз қосамыз. Жұмсақ қамыр илейміз. Бірақ қамырды қолмен көп илемеу керек, біркелкі болып шығу міндетті емес. | |
Қамырды жарты сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. | |
Пешті 180°С қыздырып қоямыз Қалыпты (форма) дайындау туралы осы жерде жазылған. Қамырды жаямыз да, қалыпқа саламыз. Артық шеттерін кесіп тастаймыз. Қамырдың асты үрленіп кетпеу үшін, шанышқымен тескілеп жібереміз. |
|
Үстінен ауыр жүк салып, пешке 20 минутқа қоямыз. | |
Қамыр піскенше, франжипан дайындаймыз. Сары май өте жұмсақ болу керек. Алдын ала тоңазытқыштан шығарып қойыңыз. |
|
Франжипан құрамында берілген тағамдардың барлығын миксермен біркелкі болғанша араластырамыз. | |
Алмұрттың қабығын аршимыз да, ортасын тазалаймыз және ортасынан екіге бөлеміз. Әрі қарай алмұртты жіңішкелеп турап шығамыз, | |
Әр туралған жарты алмұрттың астынан ұзын пышақ өткіземіз. Алмұрт тілімдерін үстінен қолмен қиғаштап сәл жалпақтау болғанша басамыз. | |
Піскен қамырдың үстінен франжипан құямыз. Оның үстіне алмұрт тілімдерін пышақпен қоямыз. 180°С-та 25-30 минут франжипан қызарғанша пісіреміз. Дастарханға сәл суытып ұсынған жөн. |
Шай демдеп, жақындарыңыздың дастархан басына шақыра беріңіз. Тарт жеуге дайын;)
Алмұртты тарт |
Алмұртты тарт |
Алмұртты тарт |
Астарыңыз дәмді болсын!
Оқи отырыңыз:
Кускустан морокколық тәтті | |
Жент | |
Дәруменді микс немесе "ғарышкердің таңғы асы" |
Бүгін істеп кормесем
ОтветитьУдалить