понедельник, 6 октября 2014 г.

Сарымсақты қытырлақ нан

Бұндай сарымсақты қытырлақ нанды кез келген ыстық тамаққа, салатқа қосымша ретінде немесе таңғы ас ретінде ұсынуға болады. Бұндай қытырлақ нан қызанақ және райханмен (базилик) өте жақсы үйлеседі.


Құрамы:

  • Батон 
  • Сары май - 1-2 ас қасық,
  • Тұз және прованс шөптері,
  • Сарымсақ - 1-2 түйір,
  • Қызанақ - дана,
  • Райхан (базилик).

Жасалу жолы:

Пешті 170°-та қыздырып қоямыз.
Батонды жіңішкелеп тураймыз, Жұмсақ сары майға ұсақталған сарымсақ, тұз және прованс шөптерін қосамыз. Сары майды араластырамыз.
Батонға майды жұқалап жаямыз. Пешке 10-12 минутқа қоямыз. 
 Сәл қызарса жетеді.
Қытырлақ нанның үстіне қызанақ және райханды қоямыз.


Таңғы ас

Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Ірімшікті бәліш
Мидия және кальмар қосылған паста
Рататуй

Комментариев нет:

Отправить комментарий