пятница, 10 октября 2014 г.

Кобра тұздығы


Әрі тәбетті ашатын, әрі пайдалы бірден бір тұздық ол - кобра. Кобра қайнатылмағандықтан, көкөністердегі бүкіл дәрумендер сақталады.
Кез келген тағамға салып жіберсеңіз де, нанға жағып жесеңіз де болады. 

Кобраның құрамы:

  • Қызанақ - 1 кг.,
  • Тәтті немесе болгар бұрышы - 1 дана,
  • Балдыркөк (сельдерей) - 1-2 сабақ,
  • Жасыл алма - 1 дана,
  • Сарымсақ - 3-4 түйір,
  • Қант - 1 ас қасық,
  • Тұз - 0,5 шай қасық,
  • Ащы бұрыш.


Жасалуы:

Көкөністерді жуып, турап, блендермен майдалайсыз немесе еттартқыштан өткізесіз. Шыны ыдыстарға құйып, тоңазытқышта сақтайсыз. Көбіне кобра тез желінедіктен, консервілеудің қажеті жоқ. Бар болғаны 10 минуттың ішінде пайдалы тұздық жасап алуға болады.

Кобра. Рецепт
Кобра


Кобра. Рецепт
Кобра

Астарыңыз дәмді болсын!




Оқи отырыңыз:

Үлпершек
Нектарин қосылған галета
Кәдіден дәмтатым

Комментариев нет:

Отправить комментарий