понедельник, 6 октября 2014 г.

Екі қияр салаты


Екі қияр салаты

Салаттың Екі қияр деп аталуы тегін емес. Өйткені салат екі түрлі қиярдан жасалған: маринадталған және жас қияр.
Дастарханға ұсынуы да әдемі келеді. Жасыл-сары түсті нағыз күздің салаты.
Рецептпен таныс болыңыз)) 

Екі қияр салатының құрамы:

  • Жас қияр - 2 дана, 
  • Маринадталған қияр (корнишон) 6-7 дана,
  • Жүгері - 1 құты,
  • Жасыл бұршақ - 1 құты,
  • Картоп - 2 дана, 
  • Жұмыртқа - 3 дана,
  • Аскөк, ақжелкен,
  • Майонез - 100 гр.

Екі қияр салатының жасалуы:

Екі қияр салаты
Картопты ұзын етіп тураймыз немесе үккіштен өткіземіз. Крахмалын жуып тастаймыз да, орамалға жайып, сорғытып аламыз. Тұз себеміз.
Екі қияр салаты
Картопты майға қуырып, қағаз майлыққа майын сорғытып аламыз.
Екі қияр салаты
Екі түрлі қиярды ұзыншалап тураймыз. Жасыл және сары түсті тағамдарды кезектестіріп салсаңыз әдемі болады.
Екі қияр салаты
Ұзыншалап туралған жұмыртқаны саламыз. Ортасына майонез құямыз. Оның үстіне ұсақтап туралған аскөк және ақжелкен саламыз да, тағы біраз майонез тамызып жібереміз.

Осымен салатымыз дайын.

Екі қияр салаты
Екі қияр салаты

Екі қияр салаты
Екі қияр салаты

Комментариев нет:

Отправить комментарий