Аскөкті жақсылап ашып, суық суда жуамыз. Жылы немесе ыстық сумен жууға болмайды, ондай жағдайда аскөгіміз солып, жұмсарып қалады.
Саяжай аскөктері - таңертең әкелсең, кешке дейін солып қалатын, сабақтарын банкаға суық суға салып қоймаса. Ал қазіргі дүкендерден сатып алынған аскөк бір солмайды, 1 аптаға дейін жап-жасыл болып тұрады. Оның да бір сыры бар....ол аскөктерді сатқанша, ұзақ уақыт бойы сақталу үшін арнайы препараттармен өңдейді. Көп мөлшерде ол ағзаға зиян.
Сондықтан жақсылап жуып болғаннан кейін, 1 литр суық суға 0,5 шай қасық лимон қышқылынан ерітінді жасап, жарты сағатқа дейін малып қоямыз. Сонда зиянды химикаттардың біршама мөлшері суға шығады.
"Қышқылды ваннадан" кейін аскөгімізді қағаз орамалға жайып кептіріп қоямыз.
Кепкеннен кейін пластикалық контейнерлерге немесе шыны банкаларға салып, тоңазытқышқа қоямыз. Осылай ұзақ уақыт бойы солмай, бұзылмай сақталып тұрады.
Салат жапырақтарын да дәл солай істейміз.
Аскөктерді сақтаудың тағы бір әдісі зәйтүн майымен мұздатқышта қатыру. Негізі, зәйтүн майын қатырғанда өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды, сондықтан аскөкпен қатыруға өте жақсы келеді.
Мұз текшелерін қатыратын қалыпқа алдымен ұсақтап туралған аскөктерді саламыз да, үстінен зәйтүн майын құямыз. Сөйтіп, мұздатқышта қатырамыз.
Бұл майлы-мұзды текшелерді кез-келген салатқа, гарнир ретінде суға піскен көкөністерге немесе пастаға салуға болады. Тек ертерек, керегінше 1-2 текшеден алып отырасыз. Ал жалпы майлы текшелер мұзды(су) текшелерге қарағанда тезірек ериді.
Міне аскөгі бар майлы текшелер қатты. Осылай ұзақ уақыт бойы сақтала береді.
Жалғасы ...

Комментариев нет:
Отправить комментарий