понедельник, 19 мая 2014 г.

Теңіз ирекшелері: дәмді әрі пайдалы деликатес


Теңіз ирекшелері - ең таңдаулы теңіз деликатестерінің бірі, бірақ, өкінішке орай, пайдалы ас ретінде әлі кең танылмай жатыр. Бұл теңіз өнімнің пайдалы қасиеттері туралы біраз әңгіме қозғасақ... 

 Теңіз ирекшелері (ор. - морские гребешки) - қосжақтаулы ұлуларға жатады. Ирекше қабыршақтарының диаметрі 15-20 см-ге дейін жетеді. Кальмар, мидия, асшаян, т.б. тектес теңіз өнімдері типтеріне жатады. Яғни, супермаркетке барғанда, дәл осы өнімдердің арасынан табасыз.
Тағам ретінде теңіз ирекшелрінің қабыршақтарын біріктіріп тұратын бұлшықеті пайдаланылады.

 Теңіз ирекшелері - диеталық теңіз өнімі, ақуыз мөлшері жоғары, калориясы аз, майы және көмірсуы аз, бірақ ағзаға сіңімді минералдарға (йод, фосфор, магний, железо, медь, марганец, цинк, кобальт, т.б.) өте бай өнім. Сиыр етіне қарағанда йод құрамында 150 есе көп, бірақ бұл ет болмағандықтан, етке қарағанда ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Артықшыларына қоса бір кемшілігі де бар. Теңіз ирекшесі аллергенді өнім. Сондықтан, аллергиясы бар адамдарға сақ болу керек.

Біздің дүкендерде тек қатырылғанын табуға болады. Оны дайындар алдында мұзын толық ерітіп алу керек, бірақ еріткенде қысқатолқынды пеш немесе ыстық су мүлдем қолдануға болмайды. Ондай жағдайда табиғи қасиеттерін жоғалтады.

Теңіз ирекшелерінен көбіне екінші ас және салаттар әзірлейді.   

Аталған теңіз өнімімен дайындалатын тағамдар:


Комментариев нет:

Отправить комментарий