среда, 21 мая 2014 г.

Қозықұйрықтан жасалған кілегейлі сорпа



Бүгінгі дайындайтын тағамымыз - қозықұйрық саңырауқұлағынан (шампиньон) жасалған крем-суп.
Крем-суп, яғни кілегейлі дегенді білдіреді. Езбе-сорпалардан (суп-пюре) да ерекшелігі осы, осыған қоса езбе-сорпалар кілегейлі сорпаларға қарағанда, қоюлау келеді.
Дайындалуы өте оңай, көп уақытты алмайды. Бірақ күндегі көжелерден (сорпалардан) өзгеше.
Саңырауқұлақты жақсы көретін адамдарға бұл тағам міндетті түрде ұнайды, ал жақсы көрмейтін адамдарға саңырақұлақты ұнатуға тағы бір мүмкіндік)))
Тағамдар мөлшерін екі адамға ұсынып отырмын.

Құрамы:

Қозықұйрық - 200 гр.
Сарымсақ - 1 дана.
Зәйтүн майы - 1 ас қасық.
Пияз (кішкентай) - 1 дана
Ұн - 1 шай қасық.
Су немесе сорпа (тауық етінен) - 150 мл.
Кілегей 20 % - 100 мл.
Тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:


Бір бас сарымсақтың үстіңгі жағын суретте көрсетілгендей кесіп алып, фольгаға орап, пешке 180°С-та 40 минутқа қоямыз.
Зәйтүн майына пияз бен саңырауқұлақты қуырамыз.
Суы азайғанда ұнды салып, ұнмен бірге 1 минуттай қуырамыз.
Үстіне сорпа немесе су құямыз. Қайнаған кезде отты өшіреміз.
Блендермен майдалаймыз. 
Үстіне піскен сарымсақты саламыз. Піскен сарымсақтың астыңғы жағын басқанда, түйірлері ішінен шығады. Үстін кеспей пісіргенде, жеке-жеке тазалау керек болады әрқайсысын.
Сарымсақпен бірге бірден кілегей құямыз. Тағы майдалаймыз.
Осымен крем-суп дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!




Саңырауқұлақпен жасалатын басқа да тағамдар:
Саңырауқұлақ және шұжық қосылған пицца

Көкөністі киш

Саңырауқұлақ тақырыбына байланысты блогтағы материалдар:
Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз

Комментариев нет:

Отправить комментарий