Шұжық қосылған қатпарлы қамырдан жасалған раушангүлдер - асықпай дайындалатын жексенбілік таңғы ас ретінде немесе тез арада қонақтарыңызды таң қалдыру керек болса, дастарханыңызды жайнатып жібереді. |
Құрамы:
Қатпарлы қамыр
Шұжық
Жұмыртқа - 1 дана (сыртына жағуға)
Дайындалу жолы:
| Қатпарлы қамырымызды жайып, ұзын жолақша тәріздес кесіп шығамыз. Шамамен үстіңгі жағы болатын жерге шетіне шығарып, жұмыртқа жағып шығамыз. Шұжықты суреттегідей (бірінші дөңгелектеп, сосын екі бөліп) кесіп аламыз. Қамардың үстіне саламыз. |
| Енді қамырды шұжығымен бірге ораймыз. Шеткі жағына аздап су жағып, жақсылап жабыстырамыз. Әйтпесе, пісіп жатқан кезде қамыр ашылып кетеді. |
Қызып тұрған пешке 180°С-қа 30-35 минутқа қоямыз. |
Осылай дастарханыңызда жасыл желекте раушангүлдер жайнайды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий