| Бұрын киеуілді ғаламторда/аспаздық кітаптарда/ТВ-да суреттерін ғана көретінбіз, қазір қуантатыны қаланың ірі супермаркет сөрелерінен табуға болады. Сонымен киеуілдің не екендігіне нақтырақ тоқтала кетсек... |
Каперс сірке суы және тұзбен маринадталған түрінде қолданылады. Маринадталғандықтан киеуіл өте тұзды болғандықтан, қолданар алдында судың мөлшерін азайту үшін суға малып қолданған жөн. Дәмі қышқылтым, ащылау және қышаға ұқсайды.
Танымал оливье салатының түпнұсқалық дайындалуында дәл осы капрес болған, бірақ осы уақытқа дейін дүкендерде болмағандықтан, орнына маринадталған қияр қолданып кеткен.
Киеуіл зәйтүн, бөрікгүл (артишок), руккола салатымен қоса классикалық жерорта теңізі асханасына тән тағам түрі.
Келесі тағамдармен жақсы үйлеседі:
- зәйтүн және сары майы,
- майонез,
- тауық, қой және сиыр еті,
- теңіз өнімдері,
- тұздалған және ысталған балық,
- тұздалған қияр,
- пияз,
- макарон өнімдері,
- зәйтүн,
- қызанақ және тәтті бұрыш,
- балдыркөк (сельдерей),
- моцарела, фета және брынза,
- жұмыртқамен,
- ақжелкен, аскөк.
![]() |
Маринадталған киеуіл |
Киеуіл қолданылған тағамдар:
Кілегейлі тұздықта піскен теңіз ирекшелері
"Естімеген елде көп" демекші, киеуілді бірінші рет естуім, алып көру керек екен)
ОтветитьУдалить