Gourmania блогындағы бірінші бисквитті/кремді торт. Балды тортты барлығымыз жақсы көреміз, ал бұл торт сәл басқа. Қамыры - бисквитті. |
Бисквитті балды торт өте жеңіл, үлпілдеп тұрады. Бал мен лимон жақсы үйлескендіктен, креміне аздап лимонның цедрасын қостым.
Екі бисквит пісіреміз, пісіп, суығаннан кейін арасын екіге бөлеміз.
Екі бисквит пісіреміз, пісіп, суығаннан кейін арасын екіге бөлеміз.
Дайындау шараларын жасап алу керек, өйткені бисквитті қамыр дайын болғанда бірден пешке салып пісіре беру керек, кері жағдайда қамыр отырып қалады.
- Жұмыртқа өте суық болу керек, сонда ол жақсы көпіреді.
- Ұнды елеп, дайындап қоямыз.
- Бисквит пісіретін форманы (форма диаметрі Ø18 см) да дайындаймыз. Торт пісіретін қалыпты дайындау туралы алдында жазып кеткенмін.
- Пешті 175°С-та қыздырып қоямыз.
Құрамы:
Бисквитіне:
- Жұмыртқа - 4 дана
- Қант - 4 ас қасық.
- Бал - 2 ас қасық.
- Ұн - 1 стақан.
Креміне:
- Қаймақ 25% - 385 гр. (үлкен 1 құты)
- Қант - 1/4 стақан.
- Жарты лимонның цедрасы.
Бетіне сәндеуге:
- Әртүрлі жидектер.
Дайындалу жолы:
1 корж үшін құрамындағы берілген тағамдардың жартысын аламыз:
|
|
2 жұмыртқаны жарып миксермен ағарып, көпіргенше араластырамыз. Миксермен араластырсаңыз жұмысыңыз біраз жеңілдейді, ал миксер болмаса венчик/шанышқымен де жақсы көпіреді. | |
Жұмыртқа көлемі шамамен 2 есе ұлғайғанда, біртіндеп қант саламыз. Көпіршік қант салғаннан кейін тағы ағарып, тығыздала түседі. Тағы 5-6 минут араластырамыз. |
|
Енді бал қоса беруге болады. Бал қою болса, шағын толқынды пеште балды аздап жылытып жіберіңіз, сонды сұйықтау болады. Бірақ бал қатты ысып кетпесін. Жұмыртқалы қоспаны араластырып тұрып, балды біртіндеп құямыз. Тағы бірнеше минут араластырамыз. |
|
Жұмыртқалы қоспамызды бөлек ыдысқа құйып аламыз, еленген ұнды біртіндеп саламыз. Алдымен 1/3 бөлігін салып, ағаш/силикон қалақшамен астыдан жоғары қарай аударып отырып араластырамыз. Қатты былғамау керек. | |
Солай қалған ұнды тағы екі бөліп салып, араластырамыз. | |
Дайын қалыпқа құямыз. Қалыпқа май жағып, ұн сеуіп істеуге де болады, бірақ құрамында май жоқ, оған қоса бал болғаннан кейін, қамыр қалыпқа қатты жабысады. Сондықтан оңай жолы, пергамент қағазын толық жаю. Алуға өте оңай және келесі бисквитті пісіргенде форманы жумай, жаңа пергаментке екіншісін салып пісіре бересіз. Қызып тұрған пешке 15-20 минутқа қоясыз, пештің есігін аша беруге болмайды. Тек беткі қызарғанда пешті өшіресіз, пештің есігін ақырын ған ашып, тағы 5-10 минуттай қалдырасыз пеште. Дәл солай екінші бисквитті де пісіреміз. |
|
Бисквит суығанша кремін дайындаймыз. Қаймақты қантпен қанты ерігенше араластырамыз. |
|
Жарты лимонның қабығын үгітіп аламыз. | |
Қаймақ көпіріп, қант ерігенде лимонның үгітілген қабығын саламыз. Бисквиттердің арасын пышақпен екі бөліп шығамыз. |
|
Құрамында май болмағандықтан бисквитті корж құрғақ болып келеді. Сондықтан кремді арасына қалыңдау ғылып жағамыз. | |
Торттың үстін жидектермен әсемдейміз. |
Осымен торт дайын, бірақ жеуге әлі ертерек. Дастарханға ұсынар алдында тоңазытқышқа кемінде 4-5 сағатқа қою керек. Ең жақсысы, әрине, 1 түнге қою. Сонда кремі жақсы сіңеді.
Балды бисквитті торт |
Балды бисквитті торт |
Астарыңыз дәмді болсын!
Оқи отырыңыз:
Линц торты | |
Ақ ірімшікті чизкейк | |
Гуакамоле тұздығы қалай жасалады? | |
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент |
Ассаляму аллейкум. Мен дайындап корд1м. Жаксы шыкты. Рахмет!
ОтветитьУдалитьУалейкум ассалям. Жақсы шыққанына қуынштымын ))), әйтпесе инстада осы рецепт бойынша біраз ренжіген оқырмандар болып еді...
УдалитьГүлжанат, сізде өзіңіз пісірген торттың суреті бар болса немесе менің ұсынған рецептіме алып-қосарыңыз болса, Gourmania аспаздық блогының фейсбуктағы парақшасында https://www.facebook.com/gourmaniakz жазба қалдыруыңызға болады. Рахмет.
Удалить