|
Қарақат джемі қосылған, қамыры жаңғақты үгілмелі қамырдан тұратын Австрияның Линц қаласының атымен аталған ең танымал торт - Линц тортын пісіреміз. |
Линц тортының шығу тарихы
Аспаздық әлемінде Австрия өзінің "Захер" торты, штрудель және Линц тортымен танымал. Дәл сол Линц тортын бүгін дайындаймыз. Бұл торт Австрияның Линц қаласымен аталған. Бұл торттың ерекшелігі қамыры бадам мен бидай ұндарымен жасалып, үсті қамырдан тор етіп жабылады, ал арасында қарақат джемі болады. Негізі бұл торттың түрі тортқа қарағанда, бәлішке ұқсас. Линц тортын Линц тарты (неміс тілінде - Linzer Torte, Linzertorte) деп те атайды. Бұл торттың тағы бір ерекшелігі бір аптаға дейін тоңазытқышта жақсы сақталады. Бірақ дәмділігі соншалық, бір апта тұрмасы анық.
Торт құрамында жаңғақтар және сары май болғандықтан, торт жоғары калориялы болып келеді.
Бүгін пісіретін Линц тортының құрамы:
|
|
|
Пешті 170°С-та қыздырамыз да, жаңғақтарды 10-15 минутқа қоямыз. |
|
Кейбір тағамдар түріне (мысалы, француздық макаронға) бадам қабығын ашу керек, ал Линц тортында жаңғақтар қабығы аршылмайды. Өйткені торт қою қоңыр түсті болу керек. Орман жаңғағы пеште біраз кепкеннен кейін, қабықтары өзі түсіп қалады. Жаңғақтар суығаннан кейін 1/2 стақан ұнмен және 1-2 түйір қалампырмен блендерде үгітеміз. Ұн сияқты үгітудің қажеті жоқ, сәл кесектеу болсын. |
|
Жаңғақ ұны дайын болғаннан кейін, үлкен ыдысқа саламыз, оған ұнның қалғанын, екі түрлі қантты, қамыр қопсытқыш, даршын, қалампыр, какао, лимонның ұсақталған қабығын, ванилинді салып, жақсылап араластырамыз. |
|
Құрғақ компоненттері жақсылап араласқаннан кейін, жылып тұрған сары майды саламыз да, біркелкі болғанша араластырамыз. |
|
Келесі кезекте 2 жұмыртқаның сарысын саламыз. Қамырымызды илейміз. Қамыр тым жұмсақтау болса, қамыр иленгенше ұнды 1 ас қасықтан қосып отыруға болады. |
|
Қалыптың ішіне пергамент қағазын сулап жаямыз. |
|
Қамырдың 2/3 бөлігін қалыпқа салып, жақсылап тегістейміз. Шеттерін 1-1,5 см-дей көтеріңкі етіп жасаймыз. Қамырды шанышқымен тескілеп жібереміз (піскен кезде ортасы көтеріліп кетпеу үшін). Қамырдың қалған 1/3 бөлігін мұздатқышқа/тоңазытқышқа салып қоямыз. Біраз қатаю керек қамыр. |
|
Енді дайын қамырдың үстіне джемді саламыз. Тегістеп жайып шығамыз. |
|
Тоңазытқыштан алған қамырымызды пергамент қағазының арасына салып, ұзыншалап жаямыз. |
|
Лента тәріздес қылып шеттерін тегістеп кесеміз. |
Джемнің үстінен торлап салып шығамыз. Үстінен жұмыртқаның ағын жаямыз. Шеттерін бадам үлпектерімен сәндеуге болады. Енді тортымызды 180°С-та пешке 35-40 минутқа қоямыз. |
Тортты піскен бетте емес, 1 күннен кейін, ең болмағанда тоңазытқышта 1 түн тұрғаннан кейін аздап салқындау ұсынған жөн.
Австриялық Линц тортымыз дайын!
Линц торты |
Линц торты |
Астарыңыз дәмді болсын!
Оқи отырыңыз:
Ашыған көже және ашыған бауырсақ | |
Мидия және кальмар қосылған паста | |
Кивиден сорбе |
Комментариев нет:
Отправить комментарий