| Ешбір қолдың печеньесі дүкеннен алғынғанмен салыстыруға келмейді. Оған қоса құрамында не бар екенін анық білесіз. Бүгінгі печеньенің құрамы өте қарапайым, үйде бар тағамдардан жасалған, көп уақытты да алмайды, сондықтан дәмді қолдың пісірмесімен рахаттанып бір шай ішкіңіз келсе, дайындалу жолымен танысыңыз. |
Берілген рецептте тағамдар пропорциясын өзіңіздің қалауыңызша өзгертуге болады. Мысалы, мен 0,5 стақан қант алдым, сонда печенье қатты тәтті болған жоқ, тәттірек болсын десеңіз 3/4 немесе 1 стақан қант салуға болады. Дәмдеуіштерде қосуға болады. Мысалы, даршын, ваниль, кепкен үгітілген зімбір, т.б.
Негізі, печенье істегенде кішкентай балапандар да жақсы көреді, оларды да жұмылдыруға болады. Өз істегендерін, қашан піскенше күтіп, қуана-қуана жейді. Сүттпен берсеңіз тіптен жақсы.
Бар ықыласыңызбен жақындарыңызға істеген тағам үнемі дәмді болады!
Құрамы:
Сұлы үлпектері - 1 стақан
Ұн - 2 стақан
Сары май - 200 гр.
Қант - 0,5 стақан
Сүт - 0,5 стақан
Қамыр қопсытқыш - 1 шай қасық
Жасалу жолы:
- Сұлы үлпектерін, 1,5 стақан ұнды және қамыр қопсытқышты жұмсақ сары маймен қолмен араластырамыз.
- Біркелкі ұнтақ болған кезде қантты саламыз.
- Енді қоспамызға сүтті құямыз. Жұмсақ қамыр илейміз. Егер қамыр қатты қолға жабысатын болса, қалған ұнды аздап қосуға болады. Бірақ қамыр тым қатты болмау керек.
- 0,5-1 см қалыңдықта қамырды жайып, стақанмен немесе арнайы фигуралы қалыптармен кесіп аламыз.
- Пешке 180°С-та 15 минутта пісіреміз. Бірақ арасында бақылап отыру керек, өйткені өте тез піседі.
Комментариев нет:
Отправить комментарий