Салмасы ретінде тауықтың сүбе еті және көкөністер қосылған қатпарлы қамырдан жасалған бәліш. |
Бұл тағамның ерекшелігі - оны суықтай бәліш ретінде немесе ыстықтай екінші тағам ретінде де ұсынуға болады. Ыстық тамақ ретінде ұсынсаңыз, кез-келген көкөніс салатымен ұсынған жөн. Дайындалуы тәсілі де қиын емес, көп уақытыңызды да алмайды.
Дайын қатпарлы қамырмен дайындалғандықтан, біраз жұмысыңыз жеңілдейді. Жалпы өз басым тоңазытқышымда дайын қатпарлы қамырдың болғанын жақсы көрем, асыққанда, ішіне кез-келген салмасымен дәмді бәліштер жасап жіберуге болады.
Бұл бәлішке дәмдеуіштерді қосу артық болады, піскен қызанақтың қышқыл дәмі және болгар бұрышының өзіне тән дәмі, тауықтың етімен жақсы үйлеседі.
Болгар бұрышын қатырылғанын алдым. Қалай қатыру керектігі туралы алдында жазып кеттім.
Мына мәзірде тек менің ұсынған нұсқам, ал өздеріңіз құрамын талғамыңызға қарай өзгерте бересіздер
Құрамы:
|
|
Дайындалу тәісілі:
| Тауықтың сүбе етін ұзыншалап тураймыз да, тұз сеуіп ыдысқа салып қоямыз. Тұзы сіңу керек. Суы шыға бастаса, қағаз майлыққа суын сорғытып қоямыз. |
Жібіп тұрған қатпарлы қамырды төртбұрыштап кесіп, домалақтап дайындап қоямыз. Мен 5-ке бөлдім. | |
Қызанақты домалақтап турап, ортасынанн тұқымдарын алып тастаймыз, артық ылғалдылық бізге керек емес. Бәліштің іші қатты суланып, тесіліп кетеді піскен кезде. | |
| Болгар бұрышын сарымсақпен бірге 1 ас қасық өсімдік майымен қатты қыздырылған табаға қуырып аламыз. Аздап тұз қосамыз. Суы кеткенше пісіреміз. Болгар бұрышы тез суысын деп, табадан аламыз. Қамырларымызды дөңгелетіп жұқарақ етіп жаямыз. |
| Қамырдың үстіне туралған тауықтың сүбе етін, болгар бұрышын, үстіне қызанақтың туралған 1 дөңгелегін қоямыз. |
| Салмасын салғаннан кейін, екі шетін үстіне қарай жинап өріп шығамыз. Өрімнің шеткі жағын көтеріп, шүмек сияқты тесік қалдырып қоямыз. Піскенде шошайғаны білінбей кетеді. Ол - ішіндегі буы жақсы шығу үшін істейміз, кері жағдайда, жоғарыда айтып кеткенімдей, бәліштің іші қатты ылғалданып, қамыры тесіліп кетеді. |
| Дайын бәліштеріміздің үстіне жұмыртқа жағып, 180°С-та қызып тұрған пешке 30-35 минутқа қоямыз. |
Кесіп қойғанда да, іші түрлі түсті болып, өте әдемі көрінеді |
Бұл тағамның дәмділігі соншалық, жиі дайындалатын тағамдар қатарында. Тағы бір нұсқасы: піскен сиырдың еті және қазы қосылған бәліш. Ол да ерекше дәмді! Өзіміздің қазының арқасында, әрине )
Піскен сиырдың еті және қазы қосылған бәліш
Астарыңыз дәмді болсын!
Қатпарлы қамырдан жасалған бақа да тағамдар:
Қатпарлы қамырдан жасалған раушангүл |
Өте оңай екен, əрі дəмді екеніне күмəнім жоқ! Қатпарлы қамырдан бірнеше кг алып қойған дұрыс) бұрын тек джем қосылған бəліш жасаушы едім..
ОтветитьУдалитьБірінші пікіріңізге рахмет.
УдалитьМен, керісінше, джеммен әлі жасап көрмеппін)