понедельник, 12 мая 2014 г.

Классикалық патисьер


Патисьер (pâtissière) немесе классикалық піскен крем (заварной крем) - көптеген десерттерде қолданылатын крем, соның жасалу жолын ұсынғым келіп отыр.
Жасалу жолы, әрине, қаймақ пен қантты араластырудай қарапайым дей алмаймын, бірақ дәмі де ерекше.
Бұл кремді Құлпынай қосылған тарт немесе басқа да тәттілерге қосуыңызға болады.

Классикалық патисьердің құрамы және дайындалу тәсілі


  • Сүт - 400 мл
  • Қант - 1/4 стақан
  • Жұмыртқаның сарысы - 4 дана
  • Ұн - 2 ас қасық
  • Крахмал - 2 шай қасық
  • Сары май - 2 шай қасық
  • Ванилин
Алдымен сүттің 300мл-ін баяу отқа қоямыз, бірақ қайнатпаймыз.
Жұмыртқаның сарысын қантпен жақсылап көпіргенше араластырамыз.
Жұмыртқа ағарғанда ұн, крахмал және ванилинді қосамыз. Біркелкі болып араласқаннан кейін сүттің қалған 100 мл-ін құйып араластырамыз.
Жұмыртқалы қоспаны отта тұрған жылы сүтке жақсылап араластырып тұрып, біртендеп құямыз. Тоқтамай жақсылап араластыру керек. Араластыруды жарты минутқа да ұмытып кетсеңіз, қоспаңыз тәтті омлет болып кетеді. Отымыз солай баяу тұрады. Крем қайнай бастағанда қоюланады, сол кезде астын өшіреміз. Бірден пештен аламыз, өйткені ыдыстың асты әлі ыстық. Тез суу үшін басқа ыдысқа құйып аламыз.
Крем аздап суығаннан кейін сары майды саламыз, ерігенше араластырамыз.
Майы араласқаннан кейін, ыдысты ас пленкасымен жабамыз, ас пленкасы кремнің бетіне тиіп тұру керек, сонда беткі жағы кеппей біркелкі болып суиды.
Осымен крем дайын. Кез-келген торт түрлеріне қоса беруге болады.


Оқи отырыңыз:

Жульен бәліші
Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз
Пеште піскен балғын картоп

Комментариев нет:

Отправить комментарий