понедельник, 12 мая 2014 г.

Тартар тұздығы




Тартар тұздығы Франция асханасының тұздығы.

 Әдетті балық тағамдарына ұсынылатын тұздық. Бірақ тартар таралған сайын, ұсыну түрі де түрленіп келеді )) Сондықтан кез-келген тағамыңыздың сәнін де, дәмін де келтіреді.
Мен Наггетске жасап көрдім.

Тартар тұздығының құрамы дайындалу тәсілі



  • Піскен жұмыртқаның сарысы - 3 дана
  • Жарты лимонның шырыны
  • Қыша (мен дәнді қыша алдым) - 1 ас қасық
  • Зәйтүн майы - 3 ас қасық
  • Маринадталған қияр - 1 үлкен немесе 3 корнишон
  • Ақжелкен
Жұмыртқаның сарысын шанышқымен еземіз. Оған зәйтүн майын, қышаны және лимон шырынын қосамыз.
Қиярды және ақжелкенді ұсақтап турап, жұмыртқаға қосамыз.
Барлығын жақсылап араластырып тұз қоса бересіз.

Осымен тұздық дайын. Бұл менің жасаған нұсқам, тағамдар пропорциясын талғамыңызға қарай өзгерте беруге болады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий