пятница, 30 мая 2014 г.

Асүйдегі тайм-менеджмент. Ет

Көкөніс, аскөгімізді дайындадық. Енді ең бастысы - ет.


Етті алған бетте бірден қатырып тастауға асықпаңыз. Алдымен жуамыз. Біраз суы аққанша табақтарға салып қоюға болады. Бір 5-10 минут жарап жатыр.
Алдымен сүйегі бар жерлерді қажетінше етімен бірге кесіп алып, жеке-жеке пакеттерге салып, бірден мұздатқышқа сала бересіз. Бұл көжеге, сорпаға былайша айтқанда.
Асатын (бешбармақ) етті де бірден дайындайсыз, онда етін, әрине, көбірек қалдыру керек.
Тағы бір әдіс.....сорпаға және асуға деп дайындаған еттеріңізді қатырмай тұрып, жақсылап тұздап, бір күнге тоңазытқышқа салып барып, қатырсаңыз, етіңізді пісіргенде, тұзы сіңіп, өте дәмді болады.
Қызығы мен шыжығы енді  басталады. ))
Қалған етті үнемі істеп жүрген мәзіріңіз бойынша  "жоспарлайсыз". Әдетте ол етті қуырып жасайтын екінші тағамдар (палау сияқты),  котлет, тефтели, фрикадельки, жаншылған ет (отбивная), французша ет, стейк, т.б.
Алдымен етті қуырып пісіретін тағамдарға дайындайсыз. Қалғаны - фаршқа. Ол үшін етті турап аласыз және керегінше үлесімен бөліп-бөліп қатырасыз. Контейнерлерге немесе пакеттерге де қатыра беруге болады. Кейде тамақты көбірек істеу керек болады, кейде шағын ғана істеу керек, сондықтан оның барлығын ескеру керек. Одан кейін стейк, жаншылған ет, французша ет (ескертпе: түпнұсқасында французша ет фарштан емес, ұзыншалап туралған еттен жасалады), т.б. өзіңіз істейтін тағамдарға бірден дайындап, оларды да мұздатқышқа сала бересіз.



Еттен дайындамалар жасаудың тағы бір нұсқасы - оларды пісіріп қатыру. Туралған еттерді үлкен қазанға немесе асты қалың кастрөлге)) (қазақшасы солай сияқты, сөздіктен алдым) майды қыздырып, етті қатты қызған майға саламыз. Еті көп болғандықтен бірден сорпасы көп болып шығады. Су құюдың қажеті жоқ. Қақпағын жауып еті піскенше пісіреміз. Піскеннен кейін туралған пияз, сәбіз, бұрыш, т.б. талғамыңызға қарай салып, пісіресіз. Ыдыстарға салып, суығаннан кейін қатырасыз. Дәмдеуіштерді қоспаған жөн. Өйткені ертең ол қандай тағам болатынын білмейсіз. кейін палау, қарақұмық немесе картоппен пісірсеңіз әрқайсысна жеке дәмдеуіш қосу креек. болады.


Бұл тіпті жақсы. Уақытыңыз тығыз делік, тез арада, мысалы, палау жасау керек. Әдетте оған екі сағаттай уақытыңыз кетеді. Ал осындай еттен жасаған дайындамаларыңыз тұрса, сіздің палауыңыз 20 минутта-ақ дайын болады.

Енді фаршқа көшеміз. Әрине, дүкеннен дайын фарш ала салуға да болады, бірақ оның құрамында не бар екенін білмейсіз. Көбіне дүкендердегі фаршқа әртүрлі қалдықтарды айналдыра салады. Сондықтан, фаршты қолдан жасаған жөн.
Фаршқа деп дайындаған етті еттартқыштан тартып, котлет, фрикадельки, тефтели жасап бірден қатырамыз. Біраз бөлігін жай сол фарш күйінде қалдыруға болады. Кейде тез қуырып жіберу керек болады, немесе бәліш, пицца, т.б.
Дәл осы сияқты, түшпара немесе мәнті істеуге болады.




Мысалы, етті бір алғанда бір айға алатын болсаңыз, барлық етті жоғарыда көрсетілгендей дайындап алу керек. Сонда сіз бір ай бойы ет турамайсыз, ет турамайсыз деген, ет туралған тақтай мен пышақты жумайсыз, котлек жасау үшін қатып тұрған етті жібітіп, тартып жатпайсыз. Барлығы дайын. Қатып тұрған котлетті фольганың үстіне пешке қойып пісіре береміз.

Жалғасы: Асүйдегі тайм-менеджмент. Қорытынды

Ұқсас мақалалар:



Оқи отырыңыз:

Мидия және кальмар қосылған паста
Апайымның кішігірім оранжереясы
Классикалық патисьер

2 комментария: