Жаз мезгілі жақындаған сайын жылыжайдың емес, жаңа маусымның балғын жеміс-жидектері мен көкөністерін жегің келеді. Бірақ қазір жаңа мезгілдің жеміс-жидектерінің және көкөністерінің өзі жаз шықпай-ақ дүкен сөрелерінде қаптап тұрады. Жаңа еккен өсімдіктер тез өнім беру үшін азоттық тыңайтқыштарды өте көп қолданады. |
Азоттық тыңайтқыштарды мөлшерден тыс қолданғанда нитраттар өсімдіктерде және олардың жемістерінде көп мөлшерде жиналады. Сонымен қатар фотосинтез процесс баяу жүргенде де нитраттар шамадан тыс көбейіп кетеді. Сол себепті жылыжайлы көкөністерде нитраттар тым көп болады. Нитраттар адам ағзасында нитриттарға өзгеріп, қанның транспорттық функциясын және жүйке жүйе жұмысына кері әсерін тигізеді. Нитраттардың адам ағзасына зиян екені баршамызға мәлім.
Қазіргі кезде көкөністеріңді,
жеміс-жидектеріңді өзің саяжайда өсірмесең, сол нитраттардан құтылу екі талай
болып тұр. Сондықтан олар қандай өсімдіктерде, өсімдіктердің қай
жерлерінде көп жиналады және біраз да болсын, оның мөлшерін азайту шараларын
білген жөн деп санаймын.
Нитраттар қандай өсімдіктерде ең көп жиналады?
- Қысы-жазы өнім беріп тұратын жылыжай өсімдіктерінде;
- Жаңа маусым басында шыққан алғашқы өнімдерде;
- Көлемі жағынан үлкен өсімдіктерде. Орташа көлемді көкөністер мен жемістерді таңдаңыз. Үлкендері неғұрлұм көп жерде өскен сайын, нитраттарды өзіне соғұрлым көп сіңіреді.
Өсімдіктер түрлеріне қарай:
- Нитраттар ең көп жиналатын көкөністер: қызылша, шалғам, саумалдық (шпинат), салат, жапырақты, қырыққабат, брокколи, иісті желкен (сельдерей), қарбыз.
- Нитраттар орташа көлемде жиналатын көкөністер: ақбас және гүлді қырыққабаты, қияр, сәбіз.
- Нитраттар аз жиналатын көкөністер: пияз, жасыл бұршақ, бұрыш, қызанақ, сарымсақ, баялды, жүзім.
Нитраттар өсімдіктердің қай жерлеріне ең көп жиналады?
- Жапырақ талшықтары;
- Жапырақтық сабында;
- Қырыққабаттың өзегінде және сыртқы қабаттарында;
- Жемістер мен көкөністер қабығында (негізі көкөніс пен жемістердің қабықтарында дәрумендер өте көп деп айтады, сондықтан бір қарама-қайшылық сезімде қаласың. Дегенмен, маған жақыны, қабығын аршу);
- Тамырға жақын жапырақтарында;
- Қарбыз бен қауынның қабығына қарай, әсіресе піспеген бөлігінде;
- Тамыр жемістерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде (сәбіз, қызылша).
Келесі ережелерді ұстанып отырсаңыз нитраттардың біраз мөлшерін азайтуға болады:
- Көкөністерді және салат жапырақтарын 1 литр су және 1 ас қасық ас содасының ерітіндісіне жуған жөн;
- Жас көкөністер мен жемістерді 1-2 сағатқа суық суға салып қойып, бірақ жеу керек.
- Сәбіздің және қиярдың екі жақтарын 1 см-ден, ал шалғам мен қызанақта сабаққа жақын түптерін 2 см-ге дейін кесіп тастау керек;
- Аскөк, ақжелкен және салат сабақтарын тамаққа қолданбаған жөн;
- Көкөністерді қуырғанға қарағанда, суға пісіргенде нитраттар мөлшері көбірек азаяды. Кез-келген термиялық өңдеуден кейін нитраттар көлемі азаяды, піспеген көкөністерге қарағанда. Көкөністерді суға пісіретін болсаңыз, 5 минуттай суда қайнатып, суды төгіп тастап, таза су құйып, қайта қайнату керек. Нитраттардың 50%-на дейін мөлшері бірінші рет төгіп тастаған суға шығады;
- Картоптың және қиярдың қабығын қалыңдау аршып тастаңыз;
- Сонымен қатар нитраттар өсімдіктердің шығу мерзімінің басында шектен тыс көп болады, сондықтан көкөністер мен жеміс-жидектерді күзге қарай алған абзал.
P.S.: Әрнәрсенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар: көкөністер мен жемістерді өңдеу (мысалы, термиялық немесе консервілеу) дәрумендер мен пайдалы қасиеттерінің жоғалтуына әкеледі. Сондықтан нитраттардың мүмкін қауіп-қатерімен қатар, дәрумендердің пайдасын да ескеріңіз.
Оқи отырыңыздар:
Француздық пиязды сорпа | |
Тауық еті және саңырауқұлақтан дәмді тағам | |
Виндалу және наан |
Комментариев нет:
Отправить комментарий