Калориясы аз, бірақ дәмі еш кем түспейтін чизкейк. |
Тәттінің бұл түрі балаларға да ұнайды, тіпті ірімшікті аса жақсы көрмейтін балалардың өзі жейді. Кішкентайларға тәттісі көп десеңіз, қант мөлшерін азайтып та жасауға болады.
Менің алған ірімшігімнің майлылылғын қандай екенін анық білмейм, бірақ сол 9-10%-дан жоғары болып қалуы мүмкін. Өйткені, мен ауылдың ақ ірімшігін алдым. Үй ірімшігінің түйірлері әркелкі және кесектеу болғандықтан мен блендермен майдаладым. Ал сіздер оңайлық болу үшін, бірден майда ақ ірімшік алуларыңызға болады, дүкендерде толып тұр олар.
Астына негіз ретінде мен қолдан жасалған сұлы печеньесін алдым, оны қолдан жасамай-ақ, дүкеннен дайынын алуға болады. Ол үшін кез-келген жақсы үгітілетін, өзіңіз жақсы көретінін ала бересіз. Мен алған печенье аса тәтті болмағандықтан, мен қосымша 1 ас қасық қант қостым, печенье тәтті болса, қосымша қант қосу керек емес.
Чизкейктің бетін сәндеуге ақ шоколад (50-60 гр. ақ шоколад + 2 ас қасық майлы кілегей), жаңғақтар және тосап алдым. Үстін жидектермен әсемдеген де өте әдемі көрінеді, дәмі де керемет болады. Сондықтан, барлығы талғамыңызға, қиялыңызға қарай дегендей.
Құрамы:
Чизкейк негізіне:
|
|
Салмасы:
|
Дайындалуы:
Печеньені қолмен сындырып, бөлме температурасындағы сары май және қантпен үгітеміз. Печенье блендерсіз оқтаумен де жақсы үгітіледі. Бірақ пакетке салып үгіткен ыңғайлы, сонда бар жерге шашылмайды. | |
Үгітіндіні қалыпқа саламыз. Қалыпты дайындау туралы осы жерде жазылған. | |
Үгітілген печеньені қаттырақ басып, тегістейміз. Ол үшін түбі жалпақ стақанды қолданған ыңғайлы. Ірімшікті дайындағанша қалыпты мұздатқышқа қатырып қоямыз. |
|
Қалыптың сыртына жоғарғы шеттеріне дейін жеткізіп, екі қабаттап, су өтіп кетпейтіндей фольга ораймыз. Өйткені чизкейк формасымен бірге суға салынып піседі. Бірден су қайнатып қойыңыз және пешті 170°С-та қыздырыңыз. |
|
Мен алған ірімшік майда болмағандықтан, мен блендермен үгіттім. Майда ірімшікпен жасасаңыз бірден миксермен араластыра беруіңізге болады. |
|
| Дайын салмасын қалыпқа құйямыз. Қалыпты үлкенірек ыдысқа саламыз. Суреттегіден үлкенірек ыдыс тапсаңыз тіптен жақсы, піскен бетте алып шыққанға ыңғайлы болады. Енді сыртындағы ыдысқа қайнап тұрған су құямыз. 170°С-та қызып тұрған пешке 1 сағатқа қоямыз. Беті аздап қызару керек. Піскен бетте алып шығып суытып қоямыз. Бірнеше сағат тоңазытқышта тұрғаннан кейін бірақ ұсынамыз. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Ақ ірімшіктен жасалған басқа да тәттілер:
Комментариев нет:
Отправить комментарий