| Бүгінгі мәзірде нағыз деликатес. Теңіз ирекшелерін кілегейлі тұздықпен пісіреміз. Айтулы оқиғаларға жайылған дастарханның сәні болатыны еш күмәнсіз. |
Құрамы және дайындалу тәсілі:
Құрамы:
Гарнирге:
|
|
Песто тұздығы және киеуіл | |
Теңіз ирекшелеріне тұз бен бұрыш себеміз (аздап қана). | |
Екі жағынан ұнға аунатамыз | |
Табаға майды салып, жақсылап қыздырамыз. Теңіз ирекшелерін табаға салып, қуыра бастаймыз. Отты біраз азайтуға болады. |
|
Бір жағы қызарғанда, екінші жағын аударамыз. | |
Асты қызарғанда песто тұздығын саламыз. Ақырындап араластырамыз, бірақ ирекшелерді аудармаймыз. | |
Енді дәл солай киеуілді қосамыз. | |
Бірден кілегей құямыз. Оны да қатты араластырмаймыз. | |
Кілегей қайнағанда тұздық қоюлана бастайды. Сол кезде отты өшіреміз. Көп пісірудің қажеті жоқ. | |
| Қайнап тұрған тұзды суға жас үрме бұршақты саламыз, 7-8 минут пісіріп, сүзіп аламыз. |
Осымен тағамымыз дайын!
Балық сияқты ма екен?..дəмін татып көрмеппін..
ОтветитьУдалитьАздап ұқсайды, бірақ текстурасы мүлдем басқа. Дәмі балғын, сәл тәттірек дәм шығып тұрады.
Удалить