суббота, 31 мая 2014 г.

четверг, 29 мая 2014 г.

Ашыған көже және ашыған бауырсақ

Ашыған көже және бауырсақ

Gourmania блогында осы уақытқа дейін өзіміздің ұлттық тағамдар болмапты. Сол олқылықтық орнын толтыру үшін сіздерге ашыған көже мен бауырсақтың жасалуын ұсынғым келіп отыр.

воскресенье, 25 мая 2014 г.

Балды бисквитті торт


Gourmania блогындағы бірінші бисквитті/кремді торт.
Балды тортты барлығымыз жақсы көреміз, ал бұл торт сәл басқа. Қамыры - бисквитті.

пятница, 23 мая 2014 г.

Өзгеше панировкадағы тіл үйірер наггетс



Наггетс дегеніміз - тауық етінің пеште піскен тілімдері. Өте тез дайындалатын тағамдардың бірі. Панировкасын өзгеше дегенім тегін емес, өйткені үйреншікті панировка кептірілген нан ұнтағынан жасалады. Ал мұнда мүлдем бөлек... 

понедельник, 19 мая 2014 г.

Теңіз ирекшелері: дәмді әрі пайдалы деликатес


Теңіз ирекшелері - ең таңдаулы теңіз деликатестерінің бірі, бірақ, өкінішке орай, пайдалы ас ретінде әлі кең танылмай жатыр. Бұл теңіз өнімнің пайдалы қасиеттері туралы біраз әңгіме қозғасақ... 

Тауық етінен жасалған бәліш


Етті бәліштер тақырыбының жалғасы… Бірақ бүгін тауық етінен жасалған бәліш, қамыры да мүлдем бөлек. Өте тойымды, әрі дәмді бәліштің құрамы мен дайындалу жолымен таныстырайын.



суббота, 17 мая 2014 г.

Тауық және көкөністер қосылған бәліш

Салмасы ретінде тауықтың сүбе еті және көкөністер қосылған қатпарлы қамырдан жасалған бәліш.

Саңырауқұлақ және шұжық қосылған пицца



Көбіне екі рет пісіріп жатпас үшін, мен көбіне төтрбұрыштығып жасай беремін. Төртбұрышты пішіні ұнамаса, екі дөңгелек пішінді істеуге болады. Бірақ әдетте пицца ыстықтай тез желінеді, келесісін күткенше көбінің шыдамы таусылады) Сол жағынан бір үлкен істеген өте ыңғайлы. 

Киеуіл туралы біраз ақпар


Бұрын киеуілді  ғаламторда/аспаздық кітаптарда/ТВ-да суреттерін ғана көретінбіз, қазір қуантатыны қаланың ірі супермаркет сөрелерінен табуға болады. Сонымен киеуілдің не екендігіне нақтырақ тоқтала кетсек...  

четверг, 15 мая 2014 г.

Сұлы печенье



Ешбір қолдың печеньесі дүкеннен алғынғанмен салыстыруға келмейді. Оған қоса құрамында не бар екенін анық білесіз.
Бүгінгі печеньенің құрамы өте қарапайым, үйде бар тағамдардан жасалған, көп уақытты да алмайды, сондықтан дәмді қолдың пісірмесімен рахаттанып бір шай ішкіңіз келсе, дайындалу жолымен танысыңыз. 

среда, 14 мая 2014 г.

Етті бәліш


Етті/фаршты бәлішті жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. Құрамы және дайындалу тәсілі өте оңай, бірақ соған қарамастан өте тойымды және дәмді бәліш. Берілген мәзір шамамен 5-6 порцияға арналған, одан да көп адамға істеу керек болса, құрамындағы тағамдарды бірден екі есе алып, істей беріңіз.

Жаншылған еттен орама



Бұл тағамның дайындалу жолы оңай деп айта алмаймын, есесіне мейрамхана тағамдарынан еш кем түспейтін тағам жасайсыз.

понедельник, 12 мая 2014 г.

Тартар тұздығы




Тартар тұздығы Франция асханасының тұздығы.

 Әдетті балық тағамдарына ұсынылатын тұздық. Бірақ тартар таралған сайын, ұсыну түрі де түрленіп келеді )) Сондықтан кез-келген тағамыңыздың сәнін де, дәмін де келтіреді.
Мен Наггетске жасап көрдім.

Классикалық патисьер


Патисьер (pâtissière) немесе классикалық піскен крем (заварной крем) - көптеген десерттерде қолданылатын крем, соның жасалу жолын ұсынғым келіп отыр.

воскресенье, 11 мая 2014 г.

Маковец - көкнар орамасы


Бүгін аспаздық "саяхатымыз" Польшада жалғасады. Маковец - Польша елінің дәстүрлі көкнар қосылған орамасы. Дайындалу әдісі біраз уақытты қажет етеді, бірақ орама соған тұрады.

пятница, 9 мая 2014 г.

Виндалу және наан


Виндалу және наан
Бүгінгі мәзірде үнді асханасының тағамдары виндалу және наан. Виндалу - түрлі дәмдеуіштермен дайындалған етті ащы тағам, ал наан дегендері - өзіміздің нан деуге де болады.    

суббота, 3 мая 2014 г.

Қатпарлы қамырдан жасалған раушангүл



Шұжық қосылған қатпарлы қамырдан жасалған раушангүлдер - асықпай дайындалатын жексенбілік таңғы ас ретінде немесе тез арада қонақтарыңызды таң қалдыру керек болса, дастарханыңызды жайнатып жібереді.

пятница, 2 мая 2014 г.

Австрияның ең танымал десерті - Линц торты


Линц торты
Линц торты
Қарақат джемі қосылған, қамыры жаңғақты үгілмелі қамырдан тұратын Австрияның Линц қаласының атымен аталған ең танымал торт - Линц тортын пісіреміз. 

Көкөністер құрамындағы нитраттарды қалай азайтуға болады



Жаз мезгілі жақындаған сайын жылыжайдың емес, жаңа маусымның балғын жеміс-жидектері мен көкөністерін жегің келеді. Бірақ қазір жаңа мезгілдің жеміс-жидектерінің және көкөністерінің өзі жаз шықпай-ақ дүкен сөрелерінде қаптап тұрады. Жаңа еккен өсімдіктер тез өнім беру үшін азоттық тыңайтқыштарды өте көп қолданады.