среда, 18 февраля 2015 г.

Пайдалы тәтті тіске басар


Үнемі сөмкеңізде осындай тәттілер жатса, тамақ ішуге уақыт таппаған кезде фаст-фудқа жүгірудің немесе сникерс сатып алудың еш қажеті жоқ, өйткені оның зияны туралы айтпаса да белгілі. Құнарлы және өте пайдалы тіске басарды қалай жазап үйренгіңіз келсе, рецептпен танысыңыз)

суббота, 14 февраля 2015 г.

Үгілмелі печенье


Көбіне дүкенде сатылатын печеньелердің құрамын біле бермейміз және ондағы ингредиенттер тек қана табиғи екендігіне ешкім кепіл бере алмайды. Сол себепті қолдан өзіңіз жасаған печеньеге жетері жоқ. Оған қоса балаларыңызбен бірге жасауыңызға болады, қамырмен ойнағанды жақсы көрмейтін бала жоқ шығар;)

пятница, 13 февраля 2015 г.

Шарлотка



Шарлотка - ең тез дайындалатын алма қосылған бәліш. Кішкентай кезімізде апайыммен тәтті пісіруді дәл осы сияқты бәліштерден бастаған болатынбыз. Ол кезде пирогтың дәмі тіптен ерекше көрінетін;)

Смузи - пайдалы сусын


Смузи - жемістер және көкністерден жасалған пайдалы сусын. Пайдалы, бірақ балаларыңыз жемейтін көкөністерді жақсы көретін жемістермен араластырып жіберсеңіз, тамсанып тұрып ішіп алады.
Сізге бар керегі жемістер және блендер, қалғаны тек өз қиялаңызға байланысты.