среда, 30 апреля 2014 г.

Гуакамоле тұздығы қалай жасалады?



Гуакамолені қалай дайындайды Жақындарыңызды экзотикалық соуспен таң қалдырғыңыз келсе, гуакамоле дайындаңыз.

Жаңғақты панировкадағы ешкі ірімшігі


Грек жаңғағынан жасалған панировкада қуырылған ешкі ірімшігі - таңғы ас ретінде де, сыйлы қонақтарыңызға да ұсынуға болатын, ерекше тағам.   


Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз




Қазіргі қарбалас заманда апта сайын базарға немесе гипермаркеттерге баруға уақыт табудың өзі қиын. Сондықтан алған азық-түліктің балғындығын сақтау және ас үйде уақытты үнемдеуге көмектесетін өзімнің кеңестеріммен бөліскім келіп отыр.


понедельник, 28 апреля 2014 г.

Гранола


  
Бүгін таңғы ас немесе тіске басар ретінде қолдануға таптырмайтын тағам - гранола әзірлейміз.

суббота, 26 апреля 2014 г.

Балаға оқуды ойын түрінде үйретеміз

Бұрын ойлайтынмын, балаға тым ерте әріп танудың еш қажеттілігі жоқ, уақыты келгенде, мектепке барарда ақырындап үйренеді деп. Балалық шағын барынша ойынмен өткізу керек деп.  Бірақ соған қарамастан, үлкен ұлым 4,5 жаста жүгіртіп оқып үйреніп алыпты. Иә, дәл солай, өзі үйреніп алды. Қалай үйренгені жайлы айтып кетейін...

Утилитарлы қолөнер. 2-бөлім




Утилитарлы қолөнер

Алдыңғы посттың жалғасы....Үйдегі қажетсіз заттардан жаңа бұйымдар жасаймыз.

Утилитарлы қолөнер. 1-бөлім



Утилитарлы қолөнер




Бұл постты осы утилитарлы қолөнерге арнағым келіп отыр. Утилитарлы қолөнер туралы естуіңіз бар ма? Утилитарлы қолөнер дегеніміз handmade шығармашылығының бір бағыты, ескі қажетсіз заттардан жаңа бұйым жасау. Оған әжелеріміздің құрақ көрпелері да жатады. Қазір оны пэчворк деп атау сәнді болып жүр ғой....бірақ, бізге ол жаңалық емес.


  



пятница, 25 апреля 2014 г.

Табака балапаны



Цыпленок табака

Табака балапаны Грузия асханасының тағамы, грузин тілінде «цицила тапака» деп атайды, яғни «тапака» немесе «тапа» сол балапан етін пісіретін ыдыс. Сол өзіміздің таба ғой. Сондықтан бізге оны қазақшалап табанан дегендей, табабалапан дей беруге болады.)))

Ірімшікті бәліш




Өте тез дайындалатын ірімшік қосылған дәмді бәліш. Ірімшікті бәліш (пирог) – кішкентай кезімізден таныс және ең кең таралған бәліштердің бірі. Дайындалу әдісі өте қарапайым болғандықтан, дайындалу барысын суретке түсірмедім. Қыздарымыздың қолынан келетініне сенем. Бірақ түсініксіз жерлері болса, комментке жазыңыздар, міндетті түрде жауап беремін! 

Көкөністі киш

Саңырауқұлақ және көкөністір қосылған киш
Киш (фр. - quiche) — Франция асханасының тағамы. Қатпарлы қамырдың үстіне сүт, жұмыртқа және ірімшік салмасы бар ашық бәліш. Сүтті қоспасына ет, балық, көкөніс, т.б. қоса беруге болады. Бүгінгі мәзірде саңырауқұлақ пен көкөністер саламыз.