Қысқа-нұсқа кеңестер




Бәліш пісіргенде ішіндегі буы шығу үшін, бетіндегі қамырын аспаздық қайшымен кесу өте ыңғайлы



Тақтайға балық, сарымсақ, т.б. тамақтардың иісі тез сіңіп қалады. Оны кетіру үшін тақтайды лимонмен немесе сірке қышқылын сумен қышқылын (1:1), тақтайды сүрту керек

Пиццаны 220-225°С-та 15-17 минуттай ғана пісіру керек. Уақыты жақындағанда байқап отыру керек, қамыры аздап қызарса, пешті бірден өшіріп, пиццаны пеште тағы 5-6 минутқа қалдыру керек. Сонда пицца өте жұмсақ болады. Төмендеу температурада ұзақ пісірсе, пицца қатты және құрғақ болып кетеді.


       


Тарталетка/корж пісіпгенде қамырды қалыпқа салғаннан кейін үстінен міндетті түрде ауырлау жүк қою керек немесе шанышқымен бірнеше жерден тескілеу керек. Сонда қамыр астынан үрленіп көтеріліп кетпейді, көтеріліп кетсе, үстінен салмасын салу қиындау болады.


 
Торт/бәліш пісіргенде, қамырымыз қалыпқа жабысып қалмау үшін пергамент қағазын қолданған жөн. Алдымен пергамент қағазын дөңгелек пішінді кесіп аламыз (қалыптың диаметрі + 2*қалыптың биіктігі). Сол күйінде қалыпқа жақсылап салынбайды, ол үшін пергаментті сулап алып, жақсылап умаждап жібереміз (оң жақтағы сурет). Енді қағазымыз жақсы иілгіш болды. Кез келген формаға сала береміз.



Қалыпты дайындаудың тағы бір әдісі: Алдымен ыдысымызға жұмсақ сары майымызды жағып аламыз, үстінен ұн салып, қалыпты айналдырып шығамыз. Аздап сілкіп жібереміз, сонда ұнның жабысқаны жабысып, артығы түседі.

Егер сорпаға тұзды тым көп салып қойсаңыз, сорпаға картоп салып жіберіңіз. Картоп өзіне тұзды жақсы сіңіреді.

Жұмыртқаны бітеудей пісіргенде, жұмыртқаны суық суға салу керек, сонда жұмыртқаның сырты жарылып кетпейді. Сонымен қатар суға біраз тұз салып жіберсеңіз, сырты жақсы аршылады.

Асүйдегі ең қажетті нәрселер: пергамент, фольга, ас пленкасы, қағаз сүлгі.