Блог жайлы

Табака балапаны
Табака балапаны
Gourmania.kz - қазақша аспаздық блог, аты айтып тұрғандай, дәмді тағамдар туралы блог. 
Блогта барлық рецептер тек қазақ тілінде берілген. 

Айтулы оқиғаларға дастархан мәзірін құрғанда тағамдарды дәл осы жерден таңдай аласыздар. Өйткені бұл аспаздық сайт беттерінде әлем халықтарының тағамдарымен, пайдалы салаттар, әртүрлі деликатестерден жасалған тағамдармен және оларды қалай дұрыс әзірлеп, ұсынумен танысасыздар. 

Сонымен қатар асүйде сіздерге көмектесетін пайдалы кеңестерді де табуға болады. 


Ашыған көже және бауырсақ
Ашыған көже және бауырсақ
Әрине, өзіміздің ұлттық тағамдарымыз қалыс қалмайды!

Сонымен қатар, қазіргі кезде сұранысқа ие тағамдардың бірі әртүрлі пирогтар (қазақша - бәліштер) және пицца рецептері де бар. Бәліштердің (пирогтардың) тәтті және етті немесе көкөністі түрлерінің рецептері ұсынылған. 
Ешбір мереклік дастархан тортсыз өткізілмейді. Сондықтан торттың да түр-түрі бар мында. 

Қысқа-нұсқа кеңестер айдарында, қысқа әрі нұсқа, яғни 1-2 сөйлем көлемінде жазылған асүйде көмектесетін пайдалы кеңестермен таныса аласыздар. Бұл жерде оқырмандарым да өз кеңестерімен бөлісе алады. Ол үшін Блогқа хат жолдаңыз айдарын пайдаланыңыз (беттің сол төменгі жағында). Өздеріңіздің тексерілген, бөліскіңіз келген пайдалы кеңестеріңіз болса, міндетті түрде жолдаңыз. Сіздерден келген кеңестерді осы бетте жазып отырамын. 
Көкөністі киш
Көкөністі киш

Gourmania аспаздық блогының рецептері бойынша тамақ әзірлеу барысында сұрақтарыңыз болса сұрақ қоюларыңызға болады. Ешбір сұрақты жауапсыз қалдырмауға тырысамын. Сол себепті, яғни оқырмандарыма жақын болу мақсатында әлеуметтік желілерде парақшаларым бар. Өзіңізге қайсысы жақынырақ сол жерге жазылып блога жаңалықтарын дер кезінде біліп отырасыздар.
Instagram - @gourmaniakz
Facebook - https://www.facebook.com/gourmaniakz
Google+ - Gourmania
Кез келген ұсыныстарыңызды, мен ұсынған рецептке алып-қосарларыңыз болса және осындағы мәзір бойынша дайындаған тағамдарыңыздың суреттеріңізбен бөлісіп отыруларыңызға болады. Инстаграмда суреттерімізді #gourmaniakz хэштегімен белгілеп отырайық, сонда табуды жеңілдетеді. Фейсбуктегі парақшаға like басып өз суреттеріңізді жүктей аласыздар.

Блог беттерінен рецептерді тез және оңай табу үшін әр рецепт бірнеше белгілермен белгіленген. Мысалы, Берекелі дастархан, Бәліш, Десерт, Күнделікті ас. Бір тағам бірнеше белгімен сипатталуы мүмкін. Сонымен қатар тағамдардың жасалу жолының қиындығына қарай да сұрыпталған (Оңай, Орташа, Қиын). 

Бір сөзбен айтқанда Gourmania.kz блогы - бұл рецептері қазақша берілген, өөөте "дәмді" блог. 

Менің блогыма қош келдіңіздер!



Сөзімді ас туралы мақал-мәтелдермен аяқтайын

  • Ас адамның арқауы.
  • Ат адамның қанаты,
  • Ас адамның қуаты.
  • Таңғы асты тастама.
  • Дастарқанның басында дұшпан да дос. 
  • Атың барда – жер таны желіп жүріп,
  • Асың барда – ел таны беріп жүріп.
  • Сыйлап берсе суын іш.
  • Тату үйдің тамағы тәтті.