суббота, 31 мая 2014 г.

Панкейк

Панкейк немесе құймақ - өте дәмді таңғы ас. Бұндай құймақты әсіресе балалар жақсы көреді.

Панкейк па, әлде құймақ па?

Бұл құймақ түрі АҚШ-та және Канадада кең таралған. Әрине, құймақ әр халыққа жат тамақ емес, дегенмен, пішіні және дастарханға ұсыну үлгісі сол елдің пакнейктеріне тән. Көбіне үйеңкі шәрбәтімен және сары маймен ұсынады. Үйеңкі шәрбәтін біздің супермаркеттерден таппадым, сондықтан оны балмен алмастырдым.
Панкейктің тағы бір ерекшелігі, бізге үйреншікті құймақ сияқты майға қуаралмайды, құрғақ табада піседі. Сондықтан қатты майлы болмайды.

Панкейк әзірлеуде менің кеңестерім:

Қамырына келетін болсақ, әдетте, панкейкті сүтпен де, айранмен де істей беуреге болады. Бірақ айранмен жасалған құймақ пісіп жатқанда жақсы көпіріп, көтеріледі. Сондықтан өте жеңіл болып шығады, үлпілдеп тұрады.
Кейде таңертең тұрып, құймаққа салатын қоспалардың барлығын өлшеп, салып  жатудың өзі де жұмыс болып көрінеді... Сондықтан өзімнен бір кеңес.... Құрғақ қоспаларды 2-3 есе артық алып, араластырып, жабық ыдыста сақтаңыз. Өз басым солай дайындап аламын алдын ала. Сонда құймақты таңғы асқа дайындағанда тек сұйық қоспаларын араластырасыз да, ыдыста алдын ала дайындап қойған ұнды қоспаны қоса саласыз. Өте ыңғайлы.

Панкейктің құрамы:

  • Ұн - 1 1/2 стақан
  • Қамыр қопсытқыш - 2 шай қасық
  • Тұз - 1/2 шай қасық
  • Қант - 1 ас қасық
  • Айран (сүт) - 1 стақан
  • Жұмыртқа - 1 үлкен (немесе 2 кішкентай)
  • Сары май - 3 ас қасық
  • Бал, сары май, жидектер - дайын құймаққа ұсынуға

Панкейктің дайындалу тәсілі:


Ұнды елейміз. Оған қалған құрғақ компоненттерді қосып, араластырамыз - тұз, қант, қамыр қопсытқыш.
Бөлме температурасындағы айранға еріген майды және жұмыртқаны араластырамыз.
Ұнды қоспаға айранды/сүтті қоспаны біртіндеп қосып араластырамыз.
Барлық сұйықтықты қосқаннан кейін қоймалжың қамыр шығу керек. Сұйықтау болса, аздап ұн қосуға болады.
Табаны қыздырамыз, бірінші рет пісірер алдында астына сары май жағамыз.
Табаға 2/3 ожау қамыр құямыз.
Табаның астындағы от орташадан сәл ыстық болу керек. 
Табаның ортасына шеттерін тегіс етіп құямыз.
Пісе бастағанда көпіршіктер пайда болады, асты қазрғанда аударамыз.

Екінші жағын да дәл солай қызарғанша пісіреміз.
Осылайша қамырымыз біткенше барлығын пісіріп шығамыз.
Панкейкті дастарханға сары май, бал және жақсы көретін кез-келген жидектеріңізбен ұсына бересіз.

Бал, сары май және қаражидек қосылған панкейк
Бал, сары май және қаражидек қосылған панкейк

Астарыңыз дәмді болсын!




Оқи отырыңыз:

Қозықұйрықтан жасалған кілегейлі сорпа
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Теңіз ирекшелері: дәмді әрі пайдалы деликатес

11 комментариев:

  1. Канша панкейка шыгады? Копсыткыш орнына сода салуга болама?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Шынымды айтсам, қанша шыққанын ұмытып қалыппын(( Шамамен 10-12 болу керек
      Негізі, сұрағаныңыз жақсы болыпты. Енді ұқсас рецепттерде жазып отырам қанша шыққанын))

      Содамен істеп көрген жоқпын. Ал бірақ қопсытқыштың орнына қосып жатады соданы, тек оны лимонның 2-3 тамшы шырынымен немесе сірке қышқылымен көпіртіп салған жөн. Сонда соданың жағымсыз дәмі кетеді.

      Удалить
  2. Менде құймақ қалың боп шығушы еді..осы панкейкті істеп көру керек екен..

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Бұрыңғы өзіміз істейтін құймаққа қарағанда осы ұнады. Құрғақ табада піскеннен кейін майлы болмайды, әйтпесе бұрын майға шылқылдатып қуырушы едік

      Удалить
    2. Унды каанща салады тусинбедим 1 1/2 дегенге 1 ст н/се дарты ст дегег бе

      Удалить
    3. 1.5 - бір жарым стақан ұн

      Удалить
    4. Рахмет соз жок керемет шыкты. Блок авторы кай жакта турады?

      Удалить
    5. Панкейкті мен ұсынған рецептпен пісіргеніңізге рахмет. Блог авторы елордасы - Астанада тұрады

      Удалить
    6. иә,бізді осылай өз рецепттеріңізбен қуанта беріңіз!!!
      Мүмкін болса,осындай дәмді әрі тез дайындалатын тәттілер мен қазақша тағамдарды көбірек салсаңыз жақсы болар еді)))

      Удалить
  3. Дайындап кордим оте дамди адеми болып шыкты! Рецептинизге рахмет.

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Ас болсын! Әр оқырманымның оң бағасы мен үшін маңызды, Сізге рахмет!)

      Удалить