понедельник, 2 июня 2014 г.

Асүйдегі тайм-менеджмент. Қорытынды




Алдыңғы тақырыптардың жалғасы және қорытынды.

Борщқа қуырма
Борщ жақсы көрмейтін адам кемде кем. Бірақ сол борщтың жұмысы көп. Сәбіз, қызылша, картоп, т.б. аршу керек, жуып, турап. Қуыратыны бар. Артынан жуытан таба, уккіш, тақтай бар. Қиын ештемесі жоқ қой, әрине, тек жүрісі көп. Сондықтан бірден борщтың құырмасын (зажарка) бірден көптеу істеп қоямыз.

Мысалы,
Қызылша - 1 кг.
Сәбіз - 0,5 кг.
Пияз - 300-400 гр.
Өсімдік майы - 0,5 стақан
Томат пастасы - 5-6 ас қасық.

Ыдысымызды қатты қыздырамыз да, пиязды қуырамыз.  

Пияз жұмсарып, суы азайғанда сәбізді қуырамыз. Оның да сөлі шығып, құрғай бастағанда қызылша саламыз.

Ең соңында томат пастасын салып, 1-2 минуттан кейін отты өшіреміз. Қуырманы суытып қоямыз.

Суығаннан кейін ыдыстарға салып қатырамыз.

Енді борщ істеймін десеңіз, тек қана етті пісіріп аласыз, ет пісе бастағанда орамжапырақ және кортоп саласыз да, ол да пісейін дегенде қатып тұрған қуырма брикетті салып жібересіз. Осымен борщ дайын болады. 

Нан
Бұл менің кеңестерімнің ішіндегісінің ең оңайы. Бір бөлке нанды барлығын бірден турап тастау. Қызық кеңес, шынымен. Бірінші рет естігенде ойлағам, нанды керегінше турауда тұрған не бар екен деп. Бірақ, расында, алған бетте бір бөлкені бірақ турап тастау әлдеқайда ыңғайлы. Тамақ ішерде дайын нан тілімдерін алып, тамағыңызды іше бересіз.



Зімбір
Зімбірдің тамыры да тоңазытқышта көп сақталмайды, біраз тұрса жұмсарып, көгеріп те кетеді. Ұзақ уақыт сақтау үшін зімбірді де қатыруға болады. Керегінше бөліктерін біраз жібітіп тамаққа қосу беруге болады.


Кішкентай балалардың тамағы.
Жас аналарға өте пайдалы кеңес..... Мысалы, 7-8 айлық (тіпті 1 жасқа дейін) бала жеке тамақтанады, көбіне көкөніс және жемістер езбесі, ботқа және әртүрлі сорпалар (көжелер). Бір жегенде 100-150 гр. ғана тамақ ішеді, оның өзін жеке пісіру керек, ұсақтау керек... күніне бірнеше рет. Ал менің кеңесім мынау, мысалы жарты стақан қарақұмықты (басқа да жармаларды) суға пісіріп аласыз, піскеннен кейін барлығын блендермен ұсақтап, порциялармен қатырасыз. Көкөністі езбе жасау үшін, орамжапырақ және сәбізді буға немесе суға пісіріп, езіп, оны да қатырасыз. Көжелерді де дәл солай. Өөте ыңғайлы, күнде жеке тамақ пісіріп, дайындап жатпайсыз, мұздатқыштан жылытып бере бересіз. Осылай баланың тамағын 7-10 күнге дайындап алған ыңғайлы.

Ал сіздердің қандай кеңестеріңіз бар?



Асүйдегі тайм-менеджмент тақырыбындағы алдыңғы жазбалар:

Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз
Асүйдегі тайм-менеджмент. Аскөк.
Асүйдегі тайм-менджмент. Ет

1 комментарий:

  1. Рахмет!Алдынгы таймнан сабиз бен бурышты катыруды окып, енди солай дагды кып алдым. Енди борщка куырманы катыруга кирисуым керек))

    ОтветитьУдалить