суббота, 14 июня 2014 г.

Цуккиниден жасалған дәмтатым


Цуккиниден жасалған дәмтатым
Цуккиниден (немесе кәді) жасалған жеңіл әрі пайдалы дәмтатым. Аз уақыт ішінде дайын болатын тағам, дастарханыңыздың сәнін келтіреді. 
Аспаздық блогымда не салат, не дәмтатым (закуска) болмапты, сондықтан бүгін "дебют".
Цуккини - кәдінің бір түрі, бірақ кәдімгі кәдіге (жаңылтпаш болып кетті ғой)) қарағанда С дәруменіне өте бай және қою жасыл түсімен ерекшеленеді. Цуккинидің орнына сол кәдімен немесе баялдымен де істей беруге болады.
Жасалуы өте оңай, көп уақытыңызды алмайтын тамақ бұл. Оған қоса жаздың ыстығында пештің алдында көп уақыт өткізгің де келмейді.
Әдетте кәді/баялдыдан салат/дәмтатым жасағанда оларды көбіне майға қуырып жатады. Қуырылған тамақты мүлдем жасамаймын деп өтірік айтпай-ақ қояйын, бірақ таңдау болып жатса, әрине, қуырмай жасағанды жөн көремін. Сол себепті цуккиниді қуырмаймыз, май жағып пеште пісіреміз.

Цуккиниден жасалған дәмтатымның құрамы: 

  • Цуккини/кәді - 1 дана,
  • Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) - 2-3 ас қасық,
  • Сарымсақ - 1 түйір, 
  • Сұйық май,
  • Тұз.
Цуккиниді ұзыншалап тураймыз, қалыңдығы 5 мм. Одан жіңішке болмасын.
Цуккиниге май жағамыз да үстіне тұз сеуіп, пешке 170°С-та 15-20 минутқа қоямыз. Бірақ қарап отыру керек, градус нақты қойылғанымен әр пеш әрқалай қызады. Тым қатты пісіп кетсе және тым жұқа кесілген болса, цуккини чипстері болып кетеді. Мен баялдыдан "чипс" жасағаным бар))) Сондықтан, мұқият бақылау керек уақытының соңына қарай. 
Тұздығын дайындаймыз. Сүзбелі ірімшікке үгітілген сарымсақты араластырамыз.
Цуккини пісіп, суығаннан кейін ірімшікті жағып, орама жасаймыз. Оларды тігінен қоямыз, сонда әдемі көрінеді.

Бар болғаны осы, дәмді әрі тез.


Астарыңыз дәмді болсын!


Оқи отырыңыз:


Асүйдегі тайм-менеджмент. Ет
Көкөністер құрамындағы нитраттарды қалай азайтуға болады
Мидия және кальмар қосылған паста

Комментариев нет:

Отправить комментарий