среда, 8 июля 2015 г.

Ши бауырсақ


Бүгін сіздерге тағы бір Ұлттық тағамымыздың рецептін ұсынбақпын - анамның жасайтын ши бауырсағы. Студенттік кезімде бір пакет қып пісіріп жіберуші еді осыны, үйдің иісі ерекше бір аңқып тұратындай еді. Әлі күнге дейін ерекше тамсанып жейміз бұл бауырсақты. 
Бұндай ши бауырсақты балмен немесе тосаппен (варенье) жесеңіз тіптен жақсы.

Құрамы:

  • Ұн - 500 гр.,
  • Сары май - 100 гр.,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Қант - 1 ас қасық,
  • Тұз - 1 шай қасық,
  • Ас содасы - 1 шымшым,
  • Су.

Жасалу жолы:

  1. Үлкен ыдысқа ұнды салып, ортасына ұңғыма жасаймыз. Ортасына сары майды ерітіп құямыз, жұмыртқаны саламыз.
  2. 2 стақан жылы суға тұз, қантты ерітеміз де, ұнға біртіндеп құйып, қаттырақ қамыр илейміз. Қамыр тым жұмсақ болса, ши бакуырсақтар қисық-қиысқ болып шығады.
  3. Қамырды 30 минутқа иі қанғанша жауып қоямыз.
  4. Қамырды 3-4 бөлікке бөліп, 0,5 см қалыңдықта жайып қоямыз. 
  5. Қамыр тобарсығаннан кейін 3-4 см қалыңдықта сызықтарға кесіп, әр сызықты 0,5 см-дей таяқшаларға бөлеміз.
  6. Бауырсағымызды майға қуырамыз. Осымен бауырсағымыз дайын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий