среда, 1 июля 2015 г.

Картопты ірімшікті көже


Тағы бір жеңіл көженің мәзірін сіздерге ұсынбақпын. Тауық сорпасына жасалған картоп және ірімшік қосылған езбе көжесі. Көже одан де жеңіл шықсын десеңіздер, суға да пісіруге болады. Құрамында балқытылған ірімішік болғандықтан, дәмі бәрібір де қанық, балғын болып шығады.

Құрамы:

  • Тауықтың еті - 200 гр.,
  • Картоп - 3-4 дана,
  • Балқытылған ірімшік (плавленный сыр) - 100 гр.,
  • Пияз (кішкентай) - 1 дана,
  • Қытырлақ  нан (сухарики) - 0,5 стақан. 

Жасалу жолы:

  1. 1,5 литр суға тауықтың етін пісіреміз. Сорпаны сүзіп аламыз. 
  2. Сорпаға туралған картоп, пиязды саламыз.
  3. Картоп пісерде сорпаға балқытылған ірімшікті саламыз. Ірімшік еріген кезде оттан аламыз. Тауықтың етін көжеге қайта саламыз.
  4. Көжені блендерде біркелкі болғанша майдалаймыз.
  5. Егер көже тым қою көрінсе үстінен біраз су құйып жіберіңіз. Қоюлығын қалауыңызға қарай реттей бересіз.
  6. Көжені дастарханға үстінен қытырлақ нан сеуіп ұсынған жөн және бұл балғын көже  салат ретінде қияр өте жақсы үйлеседі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий