пятница, 10 июля 2015 г.

Құймақ (қамыры айранмен жасалған)


Құймақты рецептері өте көп, қамырын сүтке де, айранға да, суға да, ашытқымен, ашытқысыз да жасап жасады. Өзіме қатты ұнайтыны айранмен жасалатыны. Өйткені айранға пісірлгені жеңіл, үлпілдеп шығады. 

Сүтке жасалатын құймақтын жасалуын Кемпірқосақ кәуабі мәзірінен көре аласыздар.

Құрамы:

  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Қант - 1 ас қасық,
  • Ас содасы - 1/2 шай қасық,
  • Тұз - 1/2 шай қасық,
  • Айран - 250 гр. (1 стақаннан сәл көп),
  • Ұн - 1 стақан,
  • Қайнап тұрған су - 1 стақан,
  • Сұйық май - 2 ас қасық.

Жасалу жолы:

  1. Жұмыртқаға қант, тұз, ас содасын араластырамыз.
  2. Үстіне айран құямыз.
  3. Айраннан кейін біртіндеп еленген ұнды саламыз. Түйіршік қалмайтындай мұқият араластырамыз.
  4. Қамырға қайнап тұрған суды құямыз. Біркелкі арасласқаннан кейін, сұйық майды араластырамыз. 
  5. Табаны қыздырып, табаның көлеміне қарай ожаумен қамырды жұқа құйып, құймақтарымызды пісіреміз.
  6. Қалауыңызға қарай кез-келген салмасымен ұсынуыңызға болады: қуырылған тартылған ет, ірімшік+мейіз, тосап (варенье), піскен қойылтылған сүт (варенка), т.б. Құр өзін таңғы асқа сүтпен немесе айранмен жесеңіз де тіл үйіреді.

Ас болсын!



Оқи отырыңыздар:

Орамжапырақ қосылған бәліш
Шелпек
Пицца

Комментариев нет:

Отправить комментарий