суббота, 18 октября 2014 г.

Алмұртты тарт (пирог)


Франжипаны (бадамды крем) бар өте дәмді, ашық бәліш түрі - тарт. Тарт туралы Құлпынайлы тарт постында жазған болатынмын. Бұл тарттың жасалу барысы екі сатыдан тұрады. Біріншісі, үгілмелі қамыр жасап, пісіріп аламыз. Екіншісі, салмасын пісіреміз.
Мынандай әдемі тарттың түрінің өзі және аңқыған иісі ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. 

среда, 15 октября 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Сүр ет қуырдақ


Қазақтың ұлттық тағамы - Сүр ет қуырдақҰлттық тағамдар қоржыны тағы бір тағамға көбеймек. Бүгінгі мәзірде жылқының сүр етінен жасалған қуырдақ.
Ұлттық тағамдардан соңғы рет Жент жасалған болатын. 

пятница, 10 октября 2014 г.

Кобра тұздығы


Әрі тәбетті ашатын, әрі пайдалы бірден бір тұздық ол - кобра. Кобра қайнатылмағандықтан, көкөністердегі бүкіл дәрумендер сақталады.
Кез келген тағамға салып жіберсеңіз де, нанға жағып жесеңіз де болады. 

понедельник, 6 октября 2014 г.

Сарымсақты қытырлақ нан

Бұндай сарымсақты қытырлақ нанды кез келген ыстық тамаққа, салатқа қосымша ретінде немесе таңғы ас ретінде ұсынуға болады. Бұндай қытырлақ нан қызанақ және райханмен (базилик) өте жақсы үйлеседі.

Екі қияр салаты


Екі қияр салаты

Салаттың Екі қияр деп аталуы тегін емес. Өйткені салат екі түрлі қиярдан жасалған: маринадталған және жас қияр.
Дастарханға ұсынуы да әдемі келеді. Жасыл-сары түсті нағыз күздің салаты.
Рецептпен таныс болыңыз))