четверг, 27 ноября 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма



Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Қарма деген - балықтан жасалатын қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамы. Қарма немесе Қарыма деген тағы ұннан жасалған басқа тағам бар, аты ұқсас болғанымен бұл екі түрлі тағам.
Сонымен, балықтан жасалған Қарма тағамы қандай екен, көрейік;)  

четверг, 20 ноября 2014 г.

Теңіз өнімдері қосылған паста



Теңіз өнімдері пайдалы, әрі жеңіл қортылатындықтан рационға жиірек енгізген жөн. Оған қоса өте тез дайындалады. Асыққанда таптырмайтын тағам.

понедельник, 10 ноября 2014 г.

Алмұрт және пекан жаңғақтары қосылған бәліш


Бұл бір әмбебап бәліштердің бірі) Өйткені алмұрттың орнына кез келген басқа жеміс, көкөніс салуға болады. Тіпті тартылған етпен де жасауға болады. Тек есіңізде сақтаңыз: егер тәтті емес бәліш жасағыңыз келсе, қамырына қант салмайсыз. Беткі жағын да торламай, толығымен жауып істей беруге болады. Тек салмасының буы шығатындай тесіктер жасауды ұмытпаңыз.

понедельник, 3 ноября 2014 г.

Тауық еті және саңырауқұлақтан дәмді тағам



Мен сіздермен тағамдардың жасалуымен бөліссем, кейде оқырмандарым да менімен жасаған тағамдарымен бөлісіп жатады. Бұл рецепт маган инстаграмдағы @gourmaniakz парақшама Салтанат деген оқырманымнан келген. Өте тез дайындалатын, әрі дәмді тағам.