четверг, 20 ноября 2014 г.

Теңіз өнімдері қосылған паста



Теңіз өнімдері пайдалы, әрі жеңіл қортылатындықтан рационға жиірек енгізген жөн. Оған қоса өте тез дайындалады. Асыққанда таптырмайтын тағам.



Құрамы:

  • Сары май - 1 ас қасық,
  • Зәйтүн немесе басқа өсімдік майы - 2 ас қасық,
  • Сарымсақ - 2 түйір,
  • Асшаян - 200гр .,
  • Кальмар - 200 гр.,
  • Паста - 200 гр.,
  • Песто тұздығы - 2 ас қасық.
  • Лимон

Сары май мен зәйтүн майын қыздырамыз, оған сарымсақты саламыз.
Пасту пісіру үшін бірден екінші ыдысқа су қайната береміз.
Сарымсақ сәл қуырылғаннан кейін теңіз өнімдерін саламыз. Қақпағын жауып 5-8 минуттай пісіреміз.
Пастаны қатты езілмейтіндей аль-денте жағдайына дейін пісіреміз.
Теңіз өнімдері дайын болғанда паста, песто тұздығын және жарты лимонның шырынын құямыз. Араластырып, отты бірден өшіреміз. 
Осымен тағамымыз дайын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий