понедельник, 10 ноября 2014 г.

Алмұрт және пекан жаңғақтары қосылған бәліш


Бұл бір әмбебап бәліштердің бірі) Өйткені алмұрттың орнына кез келген басқа жеміс, көкөніс салуға болады. Тіпті тартылған етпен де жасауға болады. Тек есіңізде сақтаңыз: егер тәтті емес бәліш жасағыңыз келсе, қамырына қант салмайсыз. Беткі жағын да торламай, толығымен жауып істей беруге болады. Тек салмасының буы шығатындай тесіктер жасауды ұмытпаңыз.
Gourmania.kz блогынадағы ұқсас рецепт: Алмұртты тарт (пирог)

Құрамы:

Қамырына:

  • Ұн - 250 -300 гр. (шамамен 2 стақан),
  • Сары май - 180-200 гр.,
  • Қант - 30 гр. (1-2 ас қасық),
  • Қаймақ - 1 ас қасық,
  • Мұздай су - 2-3 ас қасық,
  • Тұз.


Салмасына:

  • Алмұрт - 400-500 гр.,
  • Крахмал - 1 ас қасық,
  • Пекан жаңғақтары - 100-150 гр.,
  • Жұмыртқаның сарысы (бетіне жағуға).

Жасалуы:


Майды шақпақтап турап, ұнмен араластырамыз. 1 шымшым тұз қосамыз.
Сары май мен ұн араласқанша, бөлек ыдысқа қаймақ пен қантты араластырамыз. Қанты ерігенше. 
Май мен ұн шамалы біркелкі үнтақ болып араласқанда қаймақты және мұзды суды құямыз.
Қамыр болып біріккенше илейміз. Майда біркелкі болу қажет емес. Сонда қамыр сәл қатпарланып тұрады.
Қамырды 30 минутқа тоңазытқышқа қоямыз.
Пекан жаңғақтарын тазалап, құрғақ табаға сәл қуырып аламыз.
Жаңғақтың 2/3 бөлігін ұсақтаймыз. Қалғаны бетін сәндеуге қалдырамыз.Алмұртты қалауыңызға қарай турап крахмал қосып араластырамыз.
Қамырдың шамамен 2/3 бөлігін алып, форманың диаметрінен 4-5 см артықтау етіп 0,5 см-дей қалыңдықта жаямыз.
Қамырдың үстінен алмұрттығ оның үстіне ұсақталған жаңғақтарды саламыз.
Мендегі форманың диаметрі 23-24 см.
Салмасының үстін торлап жауып, қамырдың үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз. Шеттеріне пекан жаңғақтарын тізіп шығамыз,
Бәоішімізді 180°С-та қызып тұрған пешке 40-45 минутқа қоямыз.



Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Табака балапаны
Ұлттық тағам - Үлпершек
Екі қияр салаты

2 комментария:

  1. Пекан жангагы дегенди биринши рет корип турмын.Баска да жангактар жарай бере ма?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Пекан жаңғағы грек жаңғағына ұқсайд. Соны қоса беруге болады. Немесе одан да басқа жаңғақ

      Удалить