понедельник, 3 ноября 2014 г.

Тауық еті және саңырауқұлақтан дәмді тағам



Мен сіздермен тағамдардың жасалуымен бөліссем, кейде оқырмандарым да менімен жасаған тағамдарымен бөлісіп жатады. Бұл рецепт маган инстаграмдағы @gourmaniakz парақшама Салтанат деген оқырманымнан келген. Өте тез дайындалатын, әрі дәмді тағам.  

Құрамы:

  • Тауықтың еті - 500 гр.,
  • Қызанақ - 2 дана,
  • Саңырауқұлақ - 300 гр.,
  • Ірімшік - 150 гр.,
  • Қаймақ - 100 гр.,
  • Тұз, бұрыш, орегано.

Жасалуы:

Тауықтың етін турап, майланған ыдысқа саламыз.
Үстіне қызанақты саламыз. Қызанақтың сөлін алып тастаған жөн болады. Оның үстіне саңырауқұлақ. Әр қабатына тұз себуді ұмытпаңыз.
Ірімшікті үккіштен өткізіп, қаймақпен араластырамыз. Тұз, бұрыш және орегано дәмдеуішін қосамыз.
Саңырауқұлақтың үстінен ірімшікті салып, 180° қызып тұрған пешке 30-35 минутқа қоямыз. 

Дастарханға піскен ыдысымен қойып, ұсынуыңызға болады. 


Комментариев нет:

Отправить комментарий