вторник, 23 сентября 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Жент



Қазақтың ұлттық тағамы - Жент
Қазақ халқының өмір сүру салтына байланысты тағамдар ыстыққа бұзылмайтын, ұзақ уақыт сақталатын және құнарлы болып келген. Сондай тағамдардың бірі - жент. Қазақтың ұлттық десерті)

Gourmania.kz блогында cоңғы жасалған ұлттық тағамымыз Түймеш болатын.
Бұрыңғы кезде жент тек талқан, қант және сары маймен жасалған. Мен жентті кесеге салып қалыпқа келтіру үшін қанттың орнына бал салдым. Оған қоса қантқа қарағанда бал пайдалы.
Жентті балаларды өте жақсы көреді. Қазір көп балалар құрғақ таңғы асты (сухой завтрак) жегенді тәуір көреді. Оны пайдалы тағам деп те айтуға келмейді. Оның орнына жентті сүтке араластырып берген жақсы. Пайдалы, құнарлы әрі өте дәмді.
Женттің тағы бір жақсы жері - ұзақ сақталуында. Көбірек жасап тоңазытқықа сақтап қойсаңыз, күтпеген жерден уйге қонақ келіп қалса, шайға тәттіңіз дайын. Дүкенге жүгірмейсіз))


Құрамы және жасалуы:


Қазақтың ұлттық тағамы - Жент

  • Тары немесе бидай талқан - 300 гр.,
  • Үгітілген печенье - 100 гр.,
  • Сары май - 2-3 ас қасық,
  • Бал - 2-3 ас қасық,
  • Сәндеуге - шоколад және бадам үлпектері
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент
Талқан мен үгітілген печеньені құрғақ күйінде араластырамыз. Сосын бірақ, ерітілген бал мен сары майды араластырамыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент
Жентті кесеге тығыздап салып, тәрелкеге төңкереміз. Үстін қалауыңызға қарай сәндейсіз. Ең бастысы көз тартымды етіп жасасаңыз, мерекелік дастарханның сәнін келтіреді және ешбір чизкейк, тирамисулерден кем түспейді.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент

Қазақтың ұлттық тағамы - Жент
Қазақтың ұлттық тағамы - Жент

Комментариев нет:

Отправить комментарий