вторник, 2 сентября 2014 г.

Алма және асқабақ қосылған галета



Алма және асқабақ қосылған галета
Жарты сағаттың ішінде шайға не жасап жіберсем деп ойланып отырсаңыз, дәл осы галета мәзірі сізді күтіп тұр))

Gourmania блогында Галета мәзірі болып еді, бірақ оның салмасы нектариннен жасалған болатын. Қамырдың жасалуын сол жерде көре аласыздар.
Нектарин қосылған галета

Нектарин қосылған галетаның құрамы:

Қамырына:
  • Сары май - 70-80 гр.,
  • Ұн - 1 стақан,
  • Қант - 1 ас қасық,
  • Тұз - 1 шымшым,
  • Суық су - 1-2 ас қасық.

Салмасына:
  • Алма- 2 дана,
  • Асқабақ - 100 гр.,
  • Қант - 1 ас қасық,

Алма мен асқабақты жұқалап тураймыз. Жайылған қамырдың үстіне тізіп шығамыз. Шеттерінен 3-4 см-ге жеткізбейміз.

Алма мен асқабақтың үстіне 1 ас қасық қантты себеміз. Шеттерін бүктеп шығамыз.
180°С-та қызып тұрған пешке 30 минутқа қоямыз.
Піскеннен кейін суытып, үстіне қант пудрасын себуге болады
 
Алма және асқабақ қосылған галета
Алма және асқабақ қосылған галета

Оқи отырыңыз:

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Балмұздақтың пайдалы баламасы - сорбет

Гранола

Комментариев нет:

Отправить комментарий