среда, 10 сентября 2014 г.

Жүгері және гүлді орамжапырақ қосылған дәруменді салат


Үйдегі бар тағамдардан қандай салат жасап жіберсем деп, істеп салат. Құрамында тек қана дәрумендері бар, дәмді салат шыға келлді))
Жаз-күз айларында консервіленген жүгеріден гөрі жас жүгеріден жасаған пайдалырақ болады. 

Құрамы:

  • Жүгері - 2 дана,
  • Қияр - 2 дана,
  • Гүлді орамжапырақ - 300 гр.,
  • Лимон шырыны және зәйтүн майы немесе өсімдік майы,
  • Тұз, аскөк.

Дайындалу тәсілі:

Жас жүгеріні 180°С-тағы пешке 20-25 минутқа қоямыз.
Жүгеріміз піскенше гүлді орамжапырақты пісіреміз. Ол үшін ыдысқа тұз салынған суды құйып, қайнатамыз. Гүлді орамжапырақты суреттегідей бөлеміз. Қайнаған суға орамжапырақты саламыз. 2-3 минуттан кейін бірден мұзды суға түсіріп аламыз. Одан кейін дуршлагқа сүзіп қоямыз.
Гүлді ормажапырақты ыдысқа саламыз.
Жүгері дәнектерін пышақпен кесіп аламыз.
Гүлді орамжапыраққа жүгері және ұсақталған аскөкті саламыз.
Қиярды ұзыншалап тураймыз.
Салатқа тұз саламыз және лимон шырыны мен зәйтүн майымен араластырамыз.
Лимон шырыны мен зәйтүн майының орнына өсімдік майымен де араластыруға болады.



Ал төмендегі суретте қияр, қызанақ және брынзаны әдемі қою әдісі.

2 комментария:

  1. Salem.konservadagi ne asilgan jugerini koldanuga bola ma

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Сәлем. Иә, әрине, кез келген жүгеріні қолдана беруге болады

      Удалить