вторник, 30 сентября 2014 г.

Көкнар қосылған кекс



Көкнар қосылған кекс
Шайға өте дәмді, аузыңызға салып жіберсеңіз, еріп кететін көкнар қосылған тәтті кекс. Пеште пісіп жатқаннан-ақ иісі бүкіл үйді алып кетеді. Ал осындай кексті жасап үйренгіңіз келсе, рецептен танысыңыз;)

Ұқсас рецепттерден:Gourmania.kz блогында көкнардан Маковец - көкнар орамасын жасаған болатынбыз. Ал кекске ұқсайтын Шие қосылған маффин рецептімен таныса аласыз.

Құрамы:

  • Сары май - 140 гр.,
  • Қант - 1/2 стақан,
  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Сүт - 80 мл.,
  • Көкнар - 3 ас қасық, 
  • Ұн - 1 стақан,
  • Тұз - 1/4 шай қасық,
  • Қамыр қопсытқыш - 1 шай қасық,
  • Сәндеуге - бадам үлпектері.

Дайындалу тәсілі:

Сүтті қайнатамыз. Қайнаған бетте оттан алып, көкнарды саламыз. Бетін жауып қоямыз.
Жұмсақ сары майды қантпен миксермен 2-3 минуттай араластырамыз. Сары май ағарып, жеңілдене түседі. Сол кезде екі жұмыртқаны саламыз.
Ұн мен көкнарды екі бөліп кезек кезек саламыз. Мысалы, ұнның жартысын салып араластырамыз,

біркелкі араласқаннан кейін көкнар мен сүттің жартысын құямыз. Ол да араласқаннан кейін, ұнның қалған жартысын салып, араластырамыз. Кейін қалған көкнар мен сүтті құйып араластырамыз.
Силиконды формаға 3/4 бөлігіне дейін ғана құямыз. Балмұздақ салатын қасықпен салсаңыз өте ыңғайлы болады.
Үстіне бадам үлпектерін сеуіп, 180°С-та қызып тұрған пешке беті қызарғанша пірісеміз. Шамамен 20-25 минут алуы мүмкін.
Осымен кекстеріміз дайын. Дайын кекстерімізді суытамыз. Жақындарыңызды дастархан басына шақыра беріңіз;)

Көкнар қосылған кекс
Көкнар қосылған кекс 
Көкнар қосылған кекс
Көкнар қосылған кекс

2 комментария:

  1. Бадам улпектери сатыла ма?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Мен Метро супермаркетінен сатып алдым. Бірақ ол болмаса, піскеннен кейін үстіне қант пудрасын сеуіп, дастарханға ұсынуға болады.

      Удалить