воскресенье, 31 августа 2014 г.

Пеште піскен теңіз ирекшелері


Пеште піскен теңіз ирекшелері
Теңіз ирекшелерінен өте тез дайындалатын тағам. Тұздығын жасап пешке сала саласыз.
Теңіз ирекшелері туралы осы жерде оқи аласыздар. 

среда, 27 августа 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш



Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар қоржынына тағы бір рецепт. Ол қазақтың төл тұшпарасы - Түймеш.
Ұлттық дастарханнан соңғы рет Үлпершек тағамын жасаған болатынбыз.

воскресенье, 24 августа 2014 г.

Ірімшікті наполеон торты


Ірімшікті наполеон торты

Наполеон тортын бұрыннан білеміз, бірақ осы торттың ірімшіктен жасалатын түрі барын жақында өзіме де жаңалық болды. Өзіміз білетін Наполеон үгілгіш келсе, бұл Ірімшікті наполеон торты сәл қатқылдау келеді. Сондықтан кремі де сіңімді болу керек. Мысалы, Піскен крем (Заварной крем) немесе қант араласқан қаймақ. Крем жақсылап сіңу үшін тортты бір күн бұрын істеп қойған жөн. 

среда, 20 августа 2014 г.

Песто тұздығы


Песто тұздығы
Песто тұздығы бізге итальян асханасынан келген. Кез-келген тамаққа (көбіне пастаға) қосып жесе, тіпті нанға жағып жесе де тәбетті ашады.

воскресенье, 3 августа 2014 г.

Балды торт



Балды торт
Бұл рецепт бойынша әзірленген торт - дәл менің ойымдағы балды торт. Өйткені осы рецептті таппас бұрын бірнеше түрін жасап көрдім, біресе қатты, біресе түсі боздау көрінді. Ал осы мәзір бойынша торт жеп-жеңіл, аузыңызға салған бетте еріп кетеді және түсі де саф алтындай)) 

пятница, 1 августа 2014 г.

Ұлттық тағам - Үлпершек


Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүректен көбіне тек қуырдақ сияқты тағамдар істеп жатамыз. Ал сол жүректен керемет ұлттық тағам жасалатынын бірі білсе, бірі білмейді.