среда, 20 августа 2014 г.

Песто тұздығы


Песто тұздығы
Песто тұздығы бізге итальян асханасынан келген. Кез-келген тамаққа (көбіне пастаға) қосып жесе, тіпті нанға жағып жесе де тәбетті ашады.

Песто тұздығының құрамы:

  • Райхан (базилик) - 50 гр.,
  • Пармезан ірімшігі - 30-40 гр.,
  • Балқарағай (кедр) жаңғағы - 20-30 гр.,
  • Сарымсақ - 2 түйір,
  • Зәйтүн майы - 40 мл.
Құрамындағы пармезан ірімшігінің орнына пекорино-романо немесе басқа да қатты сұрыпты ірімшікті алуға болады. Сол сияқты жаңғақты да, өзіңіз ұнататын жаңғақпен істей бересіз. Өзгермейтін нәрсе ол, әрине, райхан шөбі.  
Райханды мен терезенің алдында вазонға егіп өсірдім. Наурыз айының бірінші күндерінде егіп, жаздың ортасында жеуге келетіндей өсіп, жап-жасыл болып құлпырып шыға келді.

Жасалуы:


Терезенің алдында вазонда өсіп тұрған райхан.
Жапырақтарын жұлып, жуып құрғатамыз.
Пармезан ірімшігін ұсақ үгкіштен өткіземіз.
Тағамдарымыздың барлығы дайын босла,
блендерге салып, үгітеміз. 

Осымен песто тұздығымыз дайын. Суретте песто өзіміздің шелпекке жағылған. Өте дәмді болады.
Песто тұздығы
Песто тұздығы

Песто тұздығы
Песто тұздығы

Песто тұздығы Кілегейлі тұздықта піскен теңіз ирекшелері тағамының құрамында бар.

Астарыңыз дәмді болсын!


Оқи отырыңыз:

Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Асүйдегі тайм-менеджмент. Ет
Нектарин қосылған галета

Комментариев нет:

Отправить комментарий