воскресенье, 3 августа 2014 г.

Балды торт



Балды торт
Бұл рецепт бойынша әзірленген торт - дәл менің ойымдағы балды торт. Өйткені осы рецептті таппас бұрын бірнеше түрін жасап көрдім, біресе қатты, біресе түсі боздау көрінді. Ал осы мәзір бойынша торт жеп-жеңіл, аузыңызға салған бетте еріп кетеді және түсі де саф алтындай)) 

Балды торттың құрамы:

Қамырына:
  • Жұмыртқа - 3 дана,
  • Қант - 1/2 стақан,
  • Бал - 4 ас қасық,
  • Өсімдік майы - 3 ас қасық,
  • Ас содасы - 2 шай қасық,
  • Ұн - 3,5 стақан.

Креміне:
  • Қаймақ 25% - 500 гр. (1,5 құты),
  • Қант - 1/3 стақан.

Балды торттың дайындалу тәсілі: 

Балды торт
Ұннан басқасының барлығын ыдысқа салып, баяу отқа қоямыз. 
Балды торт
Үнемі араластырып отырамыз.
Балды торт
10 минут баяу отта қайнатамыз. Үнемі араластырып отыруды ұмытпаймыз. Көлемі 3 есеге ұлғаяды.
Оттан алып, еленген ұнды біртіндеп салып, қамыр илейміз. Ұнның көлемін қамырыңызға қарай өзгертуге болады.
Балды торт
Қамыр тығыз болмау керек. Иленген дайын қамырды тоңазытқышқа 1 сағатқа қоямыз.
Балды торт
Сол уақытта кремін дайындаймыз. Мен 1 құты (385 гр.) қаймақтан жасағандықтан, құрғақтау болды. Сондықтан сіздерге кремін көбірек (1,5 құты қаймақ) жасауға кеңес беріп отырмын.
Балды торт
Қамырды 8 бөлікке бөліп, жұқа дөңгелектеп жаямыз.
Балды торт
Пешіңіздің конвекция режімі болса, тіптен жақсы. Бірден екі дөңгелектен пісіре бересіз.
Әр піскен дөңгелектің шетін тегістеп кесеміз.
Әр қабатына қалыңдау етіп крем жағамыз. Қалдықтарын жинап үгітіп шеттеріне және үстіне себеміз.
Торт тоңазытқышта кемінде 5-6 сағат тұру керек.

Балды торт
Балды торт
Балды торт
Балды торт
Дәл осындай тортпен шай ішкенге не жетсін;)


Оқи отырыңыз:

Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз
Жаңғақты панировкадағы ешкі ірімшігі
Табака балапаны
Шелпек

7 комментариев:

  1. Ответы
    1. Әрине, қалауыңызға қарай кез-келген креммен жасай беруіңізге болады.

      Удалить
  2. дамди екени туринен коринип тур! Буйырса келеси аптада жасап беремин уйдегилерге!Рахмет!

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Түсініксіз жерлері болса жаза беріңіз, жауап беруге дайынмын;)

      Удалить
    2. менің балды тортым суреттегідей қоныр болмай калды

      Удалить
  3. Мен дәл осы рецептпен жасадым. Дәмді әрі жұмсақ болды. рахмет рецептеріңізге.

    ОтветитьУдалить
  4. Жумыртканы да кант мёд маймен кайнатамыз ба? Писип калмайма жумыртка?

    ОтветитьУдалить