среда, 27 августа 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш



Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар қоржынына тағы бір рецепт. Ол қазақтың төл тұшпарасы - Түймеш.
Ұлттық дастарханнан соңғы рет Үлпершек тағамын жасаған болатынбыз.
Түймеш ұлттық тағамы туралы Алаш айнасы сайтынан білдім. Жасалуын барынша өзгертпей, бірақ соған қарамастан, қазіргі заманғы асүйге бейімдеп жасауға тырыстым.
Біз білетін тұшпарадан ерекшеліктері:

  1. Ет еттарқышта емес, жаншылып (отбивается) ұсақталады. Нәтижесінде ет өте майда шығады. Ескеретін бір жәйт: еттің қара кесегінен (сіңірсіз және майсыз) алу керек. Өйткені сіңір және майдың етпен бірігетін жеріндегі жолақтар (прожилки) ұсақталмайды. Ет түріне келетін болсақ, жылқы және сиырдың еті жақсы келеді. Мен сиырдың етіне қоса қойдың етін алдым. Бірақ қой етінің май/сіңір жолақтары көп болғандықтан, біркелкі майда шықпайды екен. Бірқарағанда әр тілім етті жаншып жату көп уақытты алатын сияқты, бірақ етті дұрыс таңдасаңыз және әр тілімді барынша жұқа кессеңіз, ет тез майдаланады.
  2. Салмасына етке қоса талқан салынады. Бар қызығы да осы жерде. Талқанды етке араластыра бастағаннан, еттен бөлінген сөлдің барлығын өзіне сіңіріп алады. Пісу барысында да дәл солай. Нәтижесінде, ешбір түймеш езіліп, тесіліп қалмайды, дәмі қанық, өзі қатқылдау келеді.  

Бұндай дәмді ұлттық тағамымызды апта сайын болмаса да, айына бір жасап тұрсақ, керемет қой. Ол ұлттық тағамдарымызды жаңғыртудың бір амалы болар еді.

Түймештің құрамы:

Қамырына:
  • Ұн - 2 стақан,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Тұз - 0,5 шай қасық,
  • Су - 1 стақан.


Салмасына:
  • Сиырдың немесе жылқының еті - 500 гр.,
  • Жал/құйрық май/сиырдың майы - 50 гр.,
  • Тары талқан - 3 ас қасық,
  • Пияз - 1 дана,
  • Тұз, бұрыш.

Түймештің жасалуы:

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Қамыр илеп, иі қанғанша, жауып қоямыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Ет қатпаған болса, сәл қатырып алған жақсы. Сонда жұқа тілімдерге кесу ыңғайлы болады.
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Жұқа ет тілімдерін асүйлік балғамен жұп-жұқа болғанша жаншимыз. Әр келесі тілімді жаншылған еттің үстіне қойып ұрғылаймыз. Сонда астындағы тілімдер езіліп, майдалана бастайды.
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Суреттегідей ет ұсақталады.
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Пиязды және жалды ұсақтап тураймыз.
Талқан, тұз және бұрышты саламыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Араластырамыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Қамырды жайма сияқты жайып, төртбұрыштап кесіп шығамыз. Әр бөлікке 1 шай қасық еттен салып, түймештерімізді түйіп шығамыз.

Үлкенірек ыдысқа суды  қайнатамыз. Су қайнағанда түймешті суға салып,15 минут пісіреміз. Осымен ұлттық тағамымыз Түймеш дайын болды. Дастарханға бауырсақ және қымызбен ұсындым.

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш

Қазақтың ұлттық тағамы - Түймеш
Қаймақ қосылған түймеш

Астарыңыз дәмді болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий