пятница, 1 августа 2014 г.

Ұлттық тағам - Үлпершек


Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүректен көбіне тек қуырдақ сияқты тағамдар істеп жатамыз. Ал сол жүректен керемет ұлттық тағам жасалатынын бірі білсе, бірі білмейді. 

Gourmania.kz аспаздық блогында Ұлттық тағамнан соңғы рет Қуыс құлақ жасалған болатын. Бүгінгі таңдау Үлпершек деген тағамға түсті.
Бұл тағам туралы ақпарат өте аз болды және әр жердегі жазбалар жасалу жолы өзгешеленіп жатты, бірақ барлық нұсқасында да суға пісіріп жатты. Ал мен пешке пісіріп көрейін дедім. Сол себепті осы тағамды әзірлеудің өз нұсқамды ұсынып отырмын.

Жалпы Үлпершек деген  - салмасы бар жылқының жүрегі. Мен салмасы ретінде қазы, жылқының майсыз қара етінен және пияз салдым. Бұл тағам өте тойымды болып келеді. Сондықтан неғұрлым жеңіл гарнир ұсынғаныңыз жөн болады. Мысалы, картоп, күріш, қарақұмық немесе макаронның орнына шикі немесе буға/суға піскен көкөністер ұсынған жөн болады. Мен жүгерімен ұсындым.

Үлпершек ұлттық тағамының құрамы:

  • Жылқының жүрегі - 1 дана,
  • Қазы - 100 гр.,
  • Жылқының қара еті - 100 гр.,
  • Пияз кішкентай -  1 дана,
  • Қолдың қаймағы - 2-3 ас қасық,
  • Жүгері - 2-3 дана,
  • Тұз, бұрыш,
  • Аскөк.

Дайындалуы:


Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүректің бір жағын тіліп, жүректі ашамыз. Қалыңдау жерлерін кесіп тастаймыз. Сонда жалпақ болып шығу керек.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Асүйлік балғамен жалпақтап кішкене ұрғылаймыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Салмасын дайындаймыз. Жылқының етін, қазысын және пиязды ұсақтап турап, тұз бен қара бұрыш саламыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүректің ортасына сопақтап салманы саламыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүректі бастапқы пішінге келтіріп, жіппен ораймыз.
Қаймаққа тұз бен қара бұрыш саламыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Пісіруге арналған пакетке жүректі саламыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Пакеттің ішіндегі ауасын шығарып, аузын мықтап жабамыз.
180°С-та қызып тұрған пешке 1,5-2 сағатқа қоямыз. Пісуі етіңізге байланысты, жас малдың еті болса тезірек піседі, оны пісіру барысында бақылап отырасыз.
Шамамен бір сағаттан кейін пакеттің бетін тіліп, жүректі аударып отыру керек. 
Жүректі пакеттен шығарып,
Ұлттық тағам - Үлпершек
жіптерін кесіп тастаймыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Тілімдерге бөлеміз.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүгеріні 180°С қызып тұрған пешке 25-30 минутқа қоямыз. Одан артық қоймаңыз, жүгері кеуіп кетеді.
Немесе 15-20 минут суға пісіруге болады. 
Ұлттық тағам - Үлпершек
Жүгері дәндерін пышақпен кесіп аламыз.
Ұлттық тағам - Үлпершек

Жүгеріге аскөк және жүректің пакеттегі сөлін тұздық ретінде 1-2 қасық құямыз.
Осымен тағамымыз дайын.
Ұлттық тағам - Үлпершек
Ұлттық тағам - Үлпершек

Астарыңыз дәмді болсын!



Ыдыстың астына қоятын бұйым тігіп үйренгіңіз келсе, Утилитарлы қолөнер туралы постты оқып көріңіз.


Оқи отырыңыз:

Етті бәліш
Маковец - көкнар орамасы

Тартар тұздығы

1 комментарий:

  1. Керемет екен ари онай сиякы, енды жылкынын тилинен не истеуге болад екен? Айтып бересиз ба? Екинши тагамга турауга келинкиремейтын сякты.

    ОтветитьУдалить