понедельник, 28 июля 2014 г.

Кускустан марокколық тәтті


Бар болғаны 15 минуттың ішінде шайға тәтті әзірлеуге болады. Ол үшін үйіңізде кускус, бал және жаңғақтар болса болды. Қалған ингредиент әр үйде табылады деп ойлаймын. 
Кускус мағриб елдерінің асханасының көптеген тағамдарына кіреді. Одан етті де, тәтті де тағамдар жасап жатады. Бүгін біз кускустан шайға тәтті жасаймыз.


Құрамы:

  • Кускус - 1/2 стақан,
  • Сүт - 3/4 стақан,
  • Сары май - 2 ас қасық, 
  • Бал - 2 ас қасық,
  • Жаңғақтар және мейіз - 1 стақан,
  • Даршын - 1 шымшым.


Дайындалу тәсілі:

Сүтті отқа қойып, жылытамыз.
Сүт қайнай бастағанда өшіреміз де, кускусты салып, қақпағын жауып қоямыз. 5 минут бұқтырамыз.
5 минут өткеннен кейін жақсылап араластырып жібереміз, ыстық кускусқа бал және сары майды араластырамыз.
Жаңғақтарды 2-3 бөліп турап жібереміз. Мен бадам және пісте (фисташки) жаңғақтарын алдым.
Мейіз бен жаңғақтарды және даршынды араластырамыз. 1 уысын алып қоямыз, кейін дастарханға ұсынғанда бетіне саламыз.

Осымен тәттіміз дайын, шайыңызды қоя беріңіз;)

Кускустан марокколық тәтті
Кускустан марокколық тәтті



Оқи отырыңыз:

Асүйдегі тайм-менеджмент. Ет
Қозықұйрықтан жасалған кілегейлі сорпа

Тауық және көкөністер қосылған бәліш

2 комментария:

  1. Кускус деген не? Даршын ше?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Бидай жармасының бір түрі. Гуглдатып оқуыңызға болады толығырақ.
      Даршын дегеніміз - корица.

      Удалить